Талдықорғанда «Халықаралық би» күніне орай, «Жастар» саябағында «Биле, Жетісу» атты би фестивалі өтті.
Салтанатты шара шымылдығын қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков ашып, қаламыздың би ұжымдарын айтулы мерекелерімен құттықтап, марапаттау рәсімімен жалғасты.
«Би — халқымыздың ежелден келе жатқан өнері. Өнердің бұл түрі зор шеберлікті, шыдамдылықты, сезімталдықты талап етеді. Осы ретте, әртүрлі ұлттар биін үйреніп, әсіресе, қазақ халқының би өнерін насихаттап, мәдениетіміздің дамуына үлес қосып қалалық, облыстық, республикалық тіпті халықаралық деңгейдегі іс-шаралар мен байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындар алып жүрген би ұжымдары мен олардың жетекшілерінің еңбегі зор деп білемін», — деді қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков.
Айта кеткен жөн, Талды қаламызда 2 мыңнан аса би ұжымы бар болса онда, 1000-нан аса жас өрен тәлім алуда.