Құрметті, Жетісу облысының тұрғындары, 2024 жылдың 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады.
Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттауға, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.
Конкурсқа мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) Жетісу облысының отбасылары қатыса алады.
Барлық мәліметті аудандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады.
#Otbasym2024