АЙЫНА 100 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛАДЫ
Еліміздегі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Жетісу облысындағы жол саласының мекемелері де өз үлесін қосып жатыр. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы», «ҚАЗАВТОЖОЛ», «ҚАЖсервис» мекемесінде жұмыс істейтін жүзге жуық адам «Алматы-Өскемен» автомагистралінің бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Республикалық маңызға ие күре жолмен күн сайын 4,5 мыңнан аса көлік жүреді. Табиғатқа немқұрайлы қарайтын жүргізушілер мен жолаушылар көбіне сусын бөтелкесі мен темекі қорабын...
Ұлттық ұланның авиабазасы ашылды
Президент – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласында Ұлттық ұланның авиация базасының ашылу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, жиынға қатысушыларды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтап, бұл отаншылдық сезімді оятып, жауынгерлік рухты арттыратын мәртебелі мереке екенін айтты. Сонымен қатар Қарулы Күштерді егемен еліміздің мықты қалқаны, бейбітшілік пен тұрақтылықтың мызғымас тірегі ретінде атап өтті.
– Авиациялық базаның ашылуы...
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы
Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, комиссия мүшелерімен В. Гашковқа қатысты іс-құжаты қаралды.
Сонымен қатар, жыл басынан қаралған іс-құжаттардың жалпы қорытындысы мен атқарылған жұмыстары бойынша баяндалды. Сондай-ақ, Талдықорған қаласының полиция басқармасының есебінде тұрған мектеп оқушыларының отбасылық...
Жетісулық «Жанр» жаңа порталын іске қосты
Жетісу облысындағы «Janr» әдеби клубы өзінің әдеби-танымдық порталын ашты. Бұл портал өңірдегі ғана емес, осы клубқа мүше болған барша қаламгерлердің шығармашылығын бір платформаға тоғыстырып, руханияттың насихатшысы ретінде қызмет етпек.
«Janr» жастар бірлестігі бүгінге дейін Жетісу өңірінде бірқатар рухани шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, кітаптардың тұсаукесерлерін, жаңа шығармалардың оқылымдарын, поэзиялық сағаттар мен театрландырылған ән-жыр кештерін өткізген болатын. Енді клубтың арнайы порталын іске...
Талдықорған колледжінің оқытушысы «Worldskills China» халықаралық чемпионатына қатысты
Талдықорғандық колледждің оқытушысы Қытайда өткен «Worldskills China-2024» чемпионатына сарапшы ретінде қатысты.
Жас ІТ маманы Бақтияр Сәтқұлов Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде 6 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде алған білімі мен ізденімпаздығының арқасында ол оқытушыдан колледж директорының цифрландыру және инновациялар мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына дейінгі жолдан сатылай өтті. Сонымен қатар колледж базасында құрылған «Worldskills» оқу-жаттығу лагерінің жұмысымен айналысады. Ол колледждер...
«ҚОРҒАС-СЕРВИС» -ге МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (Департамент) мемлекеттік заңды тұлға — «Қорғас-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Серіктестік) әкімшілік айыппұл салды.
Коммуналдық меншікке 100% тиесілі Серіктестік ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысында көрсетілген белгіленген ережелерге қайшы әрекет етті. Осы қаулы акциялары елу пайыздан астам мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар үшін қызмет түрлерінің тізбесін...
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АУРУХАНАЛАРЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ОРЫНДАДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті орталық аудандық ауруханалар қызметінің мониторингін аяқтады. Мониторингтің мақсаты-олардың қызметінің бәсекелестік туралы заңнамаға сәйкестігін тексеру.
Орталық аудандық ауруханалардың жарғылық қызмет түрлері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысының ережелеріне және Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты Департамент жарғылық қызмет түрлерін монополияға қарсы заңнамаға сәйкес келтіру үшін...
Жылжымайтын мүлік кепілінің 67%-ы онлайн режимінде тіркеледі
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды онлайн тіркеуді жөн көреді. Өткен жылмен салыстырғанда "Blockchain" технологиясы арқылы жасалатын мәмілелер саны 2,5 есеге артты. 2024 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 25 мың операция жасалды.
Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы кепілді (қайта кепілге қоюды) және оның тоқтатылуын онлайн режимде тіркеуге болады. Айта кетейік, бұл қызмет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Қарағанды және...
“Мансап” орталығында тазалық жұмыстары жүргізілді
Талдықорғанда «Таза Қазақстан», «Өнегелі ұрпақ» апталығының аясында қаламыздың Мансап орталығында тазалық жұмыстары жүргізілді.
#7su #km #тазақазақстан #өнегеліұрпақ
#тазақазақстан #тазақалаталдықорған #акция #сенбілік
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады
Құрметті, Жетісу облысының тұрғындары, 2024 жылдың 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады.
Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттауға, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.
Конкурсқа мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ...





























