Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті орталық аудандық ауруханалар қызметінің мониторингін аяқтады. Мониторингтің мақсаты-олардың қызметінің бәсекелестік туралы заңнамаға сәйкестігін тексеру.
Орталық аудандық ауруханалардың жарғылық қызмет түрлері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысының ережелеріне және Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты Департамент жарғылық қызмет түрлерін монополияға қарсы заңнамаға сәйкес келтіру үшін бірқатар нұсқамалар шығарды.
Қазіргі уақытта барлық нұсқамалар орындалды, бұл әділ бәсекелестік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді және өңірдің денсаулық сақтау саласында монополиялық үстемдіктің алдын алады.