Жетісулық «Жанр» жаңа порталын іске қосты

47

Жетісу облысындағы «Janr» әдеби клубы өзінің әдеби-танымдық порталын ашты. Бұл портал өңірдегі ғана емес, осы клубқа мүше болған барша қаламгерлердің шығармашылығын бір платформаға тоғыстырып, руханияттың насихатшысы ретінде қызмет етпек.

«Janr» жастар бірлестігі бүгінге дейін Жетісу өңірінде бірқатар рухани шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, кітаптардың тұсаукесерлерін, жаңа шығармалардың оқылымдарын, поэзиялық сағаттар мен театрландырылған ән-жыр кештерін өткізген болатын. Енді клубтың арнайы порталын іске қосып отыр. Порталдың айдарларында клуб мүшелері туралы мәліметтер, олардың әдебиеттің түрлі жанрларында жазылған шығармалары, клуб жұмысы жайлы БАҚ жарияланымдары т.б. ақпараттар толық қамтылған. Бұл туралы «Janr» әдеби клубының төрағасы Есболат Айдабосын:

– Janr.kz сайтын ашу көптен бері жоспарлап жүрген шаруамыздың бірі еді. Бұл сайт клубтың сайты, яғни корпоративтік сайт қана болмайды, бұл еліміздегі әдеби-медени бағыттағы порталдың бірі болса дейміз. Әрине, алдымен клуб мүшелерінің шығармаларын насихаттаймыз. Сонымен бірге қазақ әдебиетіндегі жаңа шығармаларды, қаламгерлердің естеліктері, сұхбаттары, ой-толғамдарын  жариялап тұрамыз, – дейді.

Еске салсақ, «Janr» жастардың әдеби клубының құрылғанына үш жыл болды. Клуб мүшелігінде Жетісу облысының, сонымен қатар Алматы қаласының, Ақтөбе, Қонаев облыстарының да жас қаламгерлері, жалпы саны 45 адам тіркелген. Клубтың  мақсаты – әдебиетті насихаттап, жас қаламгерлердің еркін қанат қағуына қолдау көрсету.

Порталдың сілтемесі: Басты бет – Janr.kz – әдеби-танымдық порталы

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз