Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, комиссия мүшелерімен В. Гашковқа қатысты іс-құжаты қаралды.
Сонымен қатар, жыл басынан қаралған іс-құжаттардың жалпы қорытындысы мен атқарылған жұмыстары бойынша баяндалды. Сондай-ақ, Талдықорған қаласының полиция басқармасының есебінде тұрған мектеп оқушыларының отбасылық проблемалық мәселелері де қаралды.
Комиссия отырысының күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, қорытындысы бойынша мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.