АЙЫНА 100 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛАДЫ

204

Еліміздегі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Жетісу облысындағы жол саласының мекемелері де өз үлесін қосып жатыр. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы», «ҚАЗАВТОЖОЛ», «ҚАЖсервис» мекемесінде жұмыс істейтін жүзге жуық адам «Алматы-Өскемен» автомагистралінің бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Республикалық маңызға ие күре жолмен күн сайын 4,5 мыңнан аса көлік жүреді. Табиғатқа немқұрайлы қарайтын жүргізушілер мен жолаушылар көбіне сусын бөтелкесі мен темекі қорабын тастайды екен. Сенбілікке шыққандар өздеріне бекітілген бөліктегі жол жиегін тазалап, біршама ретке келтірді. «ҚАЖсервис» мекемесіне қарасты жол пайдалану бөлімінің басшысы Серік Мұсаұлы «Алматы-Өскемен тас жолынан ай сайын 100 тонна қоқыс шығарылады», -дейді. Сондықтан ол көпшілікті жолда жүргенде экологиялық мәдениетті сақтап, жол бойына қоқыс тастамауға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз