Батырлар рухына тағзым. Әскерилер арасында жүгіруден челлендж өтті
Талдықорғанда он шақырым жүгіру челленджі ұйымдастырылып өткізілді.
Челлендж Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстагқа жеңіс ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды.
Шараны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің Талдықорған филиалы. Отызға жуық курсант пен оқытушылар және мектеп директоры,толыстағы подполковник Мекебек Жамауов өзі бастап бес шақырымды ту ұстап жүгіріп...
Жастарымыз азаматтық борышын өтеуге аттанды
Талдықорған қаласындағы облыстық жинақтау пунктінде жастарды Отан алдындағы борыштарын атқаруға салтанатты түрде әскерге шығарып салды. Елімізде наурыздың бірінен бастап азаматтарды көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды.
Жетісу гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл өңірден 2000 -нан астам адам әскер қатарына қосылады деп жоспарланған. Осыған орай бүгін 30 -ға жуық жас
жігіт әскерге аттанды. Әскерге шақырылушы жастардың Отан алдындағы борыштарын
атқаруға көңіл - күйлері жақсы...
Орта державалар көпжақты көзқарас идеясына берік – Euronews Қазақстан Президентінің мақаласын жариялады
Euronews-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың орта державалардың рөлі туралы мақаласы жарияланды.
«Қазақстан сияқты елдер жаңа күшпен алға шығып, қатысушы ретінде ғана емес, сонымен қатар жаһандық аренадағы жауапты ойыншы ретіндегі өз рөлін көрсете білуі керек. Төтенше геосаяси турбуленттілік пен тұрақты қақтығыстарға толы бүгінгі әлемде көпжақты шешімдер өте маңызды. Еуропа, Таяу Шығыс және Африкадағы соғыстар жүздеген мың адамның өмірін қиып, климаттың өзгеруі...
Денсаулық. Шетелге барарда неге мән беру керек?
Бәрімізге белгілі, жаз айы шыққанда саяхаттап өзге елге баруды ойластырамыз. Алайда, денсаулық пен рухани жағын да ойлауымыз керек. Журналистер үйіне кездесуге келген Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова мен «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің директоры Дәулет Қазыкенов «Шетелге шыққанда түрлі жұқпалардан сақ болыңыз» деген тақырыпта өз кеңестерін білдірді.
Спикер Индира Саветкалиқызы: – Жазғы демалыста...
«Үздік кітапхана» жүлдесі -Талдықорған қаласы еншісінде
Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Әрине, өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Десе де, мұражайлар мен кітапханалардың, театрлар мен концерттік ұйымдардың, халық шығармашылығы және мәдениет үйлерінің, қалалық және ауылдық клубтардың қызметкерлерінің, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың рөлі ерекше. Олар қоғамымыздағы руханиятты дамытуға, игілікті, адамгершілікті, қайырымдылық пен өзара...
Жетісу облысында 35 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай айлық басталды. Жыл басынан облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 65 құқық бұзушылық тіркелді. Көрсетілген кезең ішінде заңсыз айналымнан 35 келіге жуық түрлі есірткі заттары алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының ведомствоаралық нашақорлықты үйлестіру және алдын алу тобының аға жедел уәкілі Меруерт Искакова...
Жер сілкінісіне қарсы әрекет ету үшін сейсмикалық жаттығулар жоспарлануда
Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес биылғы жылдың 3-4 маусымы аралығында ел аумағында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында оқу-жаттығуға басшылық етудің республикалық штабымен бірге «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Игорь Жуков пен облыстық жұмылдыру басқармасының аумақтық және азаматтық бөлімінің басшысы Қанат Оразбаев айтып берді.
Департамент басшысы орынбасарының...
Тарих тағылымы
«Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты кітапханаларда 31 мамыр -Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоспар құрылып іс-шаралар өткізілуде.
Тақырыпқа байланысты кітапхана қорында Д.Досжанов "Абақты" 1992ж, «Азалы кітап» 1998 жылы шыққан, Халел Досмұхамедұлы. Таңдамалы 1998ж. М.Шоқай «3 томдық таңдамалы шығармалар», "Асыл тұлға" 2012ж, Н.Дулатбековтың «Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері» 2013ж, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі...
Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау емтихандарын тапсыруда
Қазақстанның үш өңірінде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Олардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қорытынды аттестациядан барлығы 340 мыңнан астам 9-сыныпты бітірушілер, сондай-ақ биыл 11-сыныпты бітіруші 186 мың оқушы өтеді.
-...
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде
30 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 16:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағыең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасындабелгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа...





























