Батырлар рухына тағзым. Әскерилер арасында жүгіруден челлендж өтті

154

Талдықорғанда он шақырым жүгіру челленджі ұйымдастырылып өткізілді.

Челлендж Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстагқа жеңіс ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды.

Шараны ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің  Талдықорған филиалы. Отызға жуық курсант пен оқытушылар және мектеп директоры,толыстағы подполковник Мекебек Жамауов өзі бастап бес шақырымды ту ұстап жүгіріп өтті.

  Қазіргі таңда қос батырдың мерейтойларына арналған елімізде бірқатар іс-шаралар өтіп жатыр. Біздің осылай жүгіруіміздің себебі — батырлардың әруақтарына тағзым етіп, олардың ерліктерін еске алу, — дейді мектеп курсанттары.

                                                                  Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз