Жетісу облысында 35 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді

305

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай айлық басталды. Жыл басынан облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 65 құқық бұзушылық тіркелді. Көрсетілген кезең ішінде заңсыз айналымнан 35 келіге жуық түрлі есірткі заттары алынды.  Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының ведомствоаралық нашақорлықты үйлестіру және алдын алу тобының аға жедел уәкілі Меруерт Искакова айтып берді.

Меруерт Искакованың айтуынша, биыл жыл басынан есірткіні заңсыз таратқаны үшін  12 азамат ұсталды, арасында 2 жас қыз бар, сонымен қатар 4 есірткі жасырушы бар.

Баспасөз мәслихаты барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күресудің кинологиялық қызметтерді қолдану да көрсетілді. Мамандардың арнайы жасырған есірткі затын Олли атты қызметтік ит оны сәтті тапты.

Сөз соңында департамент басшысының орынбасары 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуы ІІМ басшылығы мен облыс полиция департаментінің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз