Жастарымыз азаматтық борышын өтеуге аттанды

203

Талдықорған қаласындағы облыстық  жинақтау пунктінде жастарды  Отан  алдындағы  борыштарын  атқаруға салтанатты түрде  әскерге шығарып салды. Елімізде наурыздың бірінен бастап азаматтарды көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды.

Жетісу гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл өңірден 2000 -нан астам адам әскер қатарына қосылады деп жоспарланған. Осыған орай бүгін 30 -ға жуық жас
жігіт әскерге аттанды. Әскерге шақырылушы жастардың Отан алдындағы борыштарын
атқаруға көңіл — күйлері жақсы әскери борыштарын өтеуге ықыласты. Әр азамат үшін әскерге барып-келу үлкен өмір мектебі. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл пікірмен біздің жас сарбаздар да келіседі. Солардың бірі Жаркент қаласынан  шақырылып отырған Орал Олжас.
Бұл сарбаздарға Қазақстан Республикасы Президентінің ұйғарымымен жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үлкен мүмкіндік бар. Шарада әскерге аттанушы жастардың ата-аналары ұлдарының аман-есен Отан алдындағы борыштарын атқарып келулеріне ниет білдіріп зор ықыласпен шығарып салды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз