Лудоманияның алдын алу шаралары
Жетісу облысының Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті әлеуметтік желілердегі лотерея қызметін және қаржы пирамидаларын жарнамалауды бәсеңдету мақсатында жаңа шараларды белсенді түрде енгізуді қолға алды. «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Жетісу облысында «Jetisu.NET» қаржылық сауаттылық орталығы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, семинарлар мен психологиялық тренингтермен қамтамасыз етіп, кең ауқымды оқытумен айналысатын болады.
Осы тақырып аясында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз...
Алакөл жағалауындағы лагерьде биыл ерекше қажеттілігі бар 160 бала демалады
Алакөл ауданы Ақши жағалауындағы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Жансая» жазғы сауықтыру лагері жаңа маусымдағы өз жұмысын бастады. Жағалаудағы демалыс орнында биыл ерекше қажеттілігі бар 160 бала демалады. Қазіргі таңда лагерьге демалушылардың алғашқы легі келді, атап айтқанда лагерьге 16 бала заңды өкілімен бірге орналасты.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, өткен жылы жазғы кезеңде...
2024 жылдың 5 айында Жетісу облысында 1 361 кеден заңнамасын бұзушылық анықталды
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 413-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік тексеру оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 393-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кедендік бақылау объектілері мен нысандарын таңдау кезінде тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі пайдаланылады.
Бүгінгі таңда Департаменттің осы бағыт бойынша көрсеткіштері республика бойынша алдыңғы қатарда.
Мәселен,...
Ұрпақ ұмытпасын десек…
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жастарды рухани-адамгершілік, әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Биыл бұл шаралар Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманының, армия генералы С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығын және Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу аясында өтуде.
«Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарындағы ерлігі» тақырыбындағы «Батыр баба тарих» викторинасы 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында өтті. Жарысқа 30 команда қатысты. Зияткерлік ойынның...
Неонтальды сепсис. Оның түрлері, себептері, профилактикасы
Неонатальды сепсис- жаңа туған нәрестелерде өмірінің алғашқы 28 күнінде болатын ауыр жұқпалы ауру. Ол қанда және организмнің басқа сұйықтарында патогенді микроорганизмдердің көбеюімен сипатталады және организмде осыған байланысты қабыну реакциясы жүреді.
Сепсистің нақты симптомдары болмайды, тек нәрестенің жағдайын бақылап анықтауға болады. Ол нәрестенің организімінің ерекшеліктеріне қарай, бактерияның этиологиясына және жұқтыру уақытына байланысты. Егер дер кезінде диагноз қойылмаса және емделмесе, ауыр асқынуларға...
Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың 20 маусымынан шегілмейтін темекі өнімдері, электронды темекілер, вейптер және оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекске сәйкес шегілмейтін темекі өнімдеріне құрамында никотин бар, темекі жапырағынан әзірленетін заттар және олардың синтетикалық аналогтары жатады. Олар сору, шайнау, иіскеу үшін дайындалады. Электрондық тұтыну жүйелеріне, вейптерге құрамында никотин бар...
Талдықорғандық жас сарбаздар әскери ант қабылдады
Жетісу гарнизонындағы 18386 әскери бөлімінде жас сарбаздардың Отан алдында адал болуға ант беру шарасы салтанатты түрде өткізілді.
Бұл күн жас сарбаздар мен олардың ата-аналары үшін де үлкен мереке. Ант қабылдау адам өмірінде бір рет қана келетін сәт.
Әскерге жаңа шақырылған жас сарбаздар Отан қорғаушылар атанды. Жас жігіттерді облыстық Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары - басқарма бастығы Рүстем Рахимбаев, Ескелді...
Қазақ жырының Құлагері
Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, журналист.
Ол 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Жетісу облысы, Ақсу ауданы) туған. Жетісу өлкесінің перзенті Ілиястың көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр...
Биыл денсаулық сақтау саласында 94 нысан тұрғызылады
Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында биылдың өзінде 94 нысан тұрғызылады, соның 59-ы «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде салынады, сол қатарда дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медпункт бар. Бұл ретте нысандардың 27-сі блокты-модульді құрылыс болады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, 2022 жылдан бері өңірде 40-тан астам нысан салынған. Осы орайда 2022 жылы 12, 2023 жылы...
Өткен бес айда облысқа тартылған инвестиция көлемі артты
Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында Жетісу облысының экономикасына 21,0% өсіммен 84,6 млрд. теңге инвестиция тартылды, соның ішінде жеке инвестициялар 1,8 есеге өсті. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, инвестиция тарту жағынан ең жоғары өсу қарқыны Сарқан (3,3 есе) және Көксу аудандарында (2,5 есе) байқалды,оның ішінде жеке инвестициялар бойынша – Сарқан (5,4 есе), Алакөл (2 есе), Кербұлақ (1,9 есе),...





























