Алакөл жағалауындағы лагерьде биыл ерекше қажеттілігі бар 160 бала демалады

303

Алакөл ауданы Ақши жағалауындағы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Жансая» жазғы сауықтыру лагері жаңа маусымдағы өз жұмысын бастады.  Жағалаудағы демалыс орнында биыл ерекше қажеттілігі бар 160 бала демалады. Қазіргі таңда  лагерьге демалушылардың алғашқы легі келді, атап айтқанда лагерьге 16 бала заңды өкілімен бірге орналасты.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, өткен жылы жазғы кезеңде бұл лагерь 127 баланы тегін қабылдады. Биылғы жылы да осындай 160 баланы 1 заңды өкілімен тегін демалту жоспарланып отыр.
— Бұл орталық 40 орынға есептелген. Әр баланың демалу ұзақтығы — 5 күн. Балаларды қабылдау I-ІІІ топтағы мүгедектігі бар баланың тіркелген жері бойынша дәрігердің ұсынысы немесе қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Орталыққа жол жүруді ұйымдастыруды заңды өкіл немесе еріп жүретін адам тұрғылықты жерінен Үшарал қаласына дейін дербес жүзеге асырады, бұдан әрі оларды Ақши ауылына, лагерьге жеткізуді орталықтың өзі ұйымдастырады, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Ермек Мизамбаев.
Еске салсақ, 2023 жылы сапалы әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатында Алакөл ауданы әкімдігінің бұрынғы резиденциясының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 6 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған Алакөл көлінің жағалауында «Жансая» оңалту бөлімшесі бар күндізгі болу орталығына» қарасты «Жансая» жазғы сауықтыру лагері ашылған болатын. Лагерьдің негізгі мақсаты – медициналық, психологиялық, кәсіптік және әлеуметтік оңалту шараларын жүргізу арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру және оны әлеуметтік ортаға бейімдеуболып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз