Неонтальды сепсис. Оның түрлері, себептері, профилактикасы

317

Неонатальды сепсис- жаңа туған нәрестелерде өмірінің алғашқы 28 күнінде болатын ауыр жұқпалы ауру. Ол қанда және организмнің басқа сұйықтарында патогенді микроорганизмдердің көбеюімен сипатталады және организмде осыған байланысты қабыну реакциясы жүреді.

Сепсистің нақты симптомдары болмайды, тек нәрестенің жағдайын бақылап анықтауға болады. Ол нәрестенің организімінің ерекшеліктеріне қарай, бактерияның этиологиясына және жұқтыру уақытына байланысты. Егер дер кезінде диагноз қойылмаса және емделмесе, ауыр асқынуларға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.Қазіргі таңда жаңа туған нәрестелердің өлімі арасында неонатальды сепсис алғашқы орынды иеленіп отыр.
Неонатальды сепсис инфекцияның пайда болу мерзіміне байланысты ерте неонатальды және кеш неонатальды деп жіктеледі.
Ерте неонатальды сепсис туылғаннан кейінгі алғашқы 72 сағат ішінде болады.
Себптері: Әдетте анадан балаға босану кезінде немесе амниотикалық арқылы алынған инфекциямен байланысты.Негізгі қоздырғаштарға В тобы стрептококктары, ішек таяқшалары, грамтеріс бактериялар жатады.
Қауіп факторларына: мерзімнен бұрын босану, амниотикалық қапшықтың мерзімнен бұрын жыртылуы, жатыр қабықшасының қабынуы жатады
Кеш неонатальды сепсис нәресте туылғаннан кейін өмірдің 72 сағатынан кейін, көбінесе 1 аптадан 1 айға дейін болады.
Себептері: Әдетте нәрестенің денесіне туылғаннан кейін, көбінесе медициналыцқ құрал-жабдықтар немесе медицина қызметкерлермен байланыс арқылы енетін патогенді микроорганизмдерден туындайды. Негізгі қоздырғыштарға алтын стафилакокктар, клебсиеллалар, псевдомоналар және саңырауқұлақтар жатады.
Қауіп факторларына: ауруханада ұзақ болу, инвазивті медициналық процедураларды қолдану және де әлсіз иммунитет.
Неонатальды сепсистің тиімді алдын алу ауру мен өлімді азайту үшін маңызды. Алдын алудың кешенді тәсілі бірнеше негізгі аспектілерді қамтиды:
 Жүкті әйелдердегі инфекцияларға жүйелі түрде медициналық тексеруден өту және скринингінен өту;
 Аналық инфекцияларды, әсіресе В тобындағы стрептококк сияқты бактериялық инфекцияларды емдеу;
 Босану кезінде қауіп факторлары болған кезде бактерияға қарсы профилактикажүргізу.
 Медициналық ұйымда қатаң асептикалық және антисептикалық нормаларды сақтау;
 Инфекциялық бақылаудың мониторингін жүргізу;
 Жаңа туылған нәрестелерді, әсіресе қауіп тобындағыларды бақылау;
 Егер инфекцияға күдік болса, қажетті зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу;
 Инфекцияның алғашқы белгілері көріне бастаса антибиотикалық терапияны уақытында бастау
 Инвазивті процедураларды азайту;
Неонатальды сепсистің алдын алу медицина қызметкерлерінің, ата-аналардың бірлескен күш-жігерін талап етеді. Профилактикалық шараларды қатаң сақтау, уақытылы диагностикалау және емдеу арқылы мүмкін болады. Бұл тәсіл жаңа туған нәрестелердің өмірінің сапасын жақсартады, ауыр асқынулар мен өлім қауіпін азайтады.

Гүлфира Ноғайбекова,

                                                                                                 Жетісу облысы СЭБД

                                          ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз