246

Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың 20 маусымынан шегілмейтін темекі өнімдері, электронды темекілер, вейптер және оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекске сәйкес шегілмейтін темекі өнімдеріне құрамында никотин бар, темекі жапырағынан әзірленетін заттар және олардың синтетикалық аналогтары жатады. Олар сору, шайнау, иіскеу үшін дайындалады. Электрондық тұтыну жүйелеріне, вейптерге құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты, басқа да химиялық заттарды, хош иістендіргіштерді қыздыратын құрылғылар жатады”, – делінген полиция хабарламасында.

Аталған заттарды сату және тарату фактiлерi анықталған жағдайда кiнәлi тұлғаға 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не болмаса 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы, я болмаса 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылады.

Осы заттарды әкелгені және өндіргені үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Егер айтылған іс-әрекеттер адамдар тобымен, аса ірі мөлшерде, бірнеше рет жасалса, мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз