2024 жылдың 5 айында Жетісу облысында 1 361 кеден заңнамасын бұзушылық анықталды

246

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 413-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік тексеру оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 393-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кедендік бақылау объектілері мен нысандарын таңдау кезінде тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі пайдаланылады.
Бүгінгі таңда Департаменттің осы бағыт бойынша көрсеткіштері республика бойынша алдыңғы қатарда.
Мәселен, 2024 жылдың 5 айында ТБЖ ұсынысы бойынша өткізілді 1 541 кедендік тексеру, 1 361 кеден заңнамасын бұзу анықталды. Кедендік тексерудің тиімділігі 88,3% құрайды. Әкімшілік айыппұлдар сомасы 2 121 мың теңгені құрады, кедендік тексеру нәтижелері бойынша 356 млн. 121 мың теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептелді (мәлімет бойынша, 2023 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш – 321,221 млн.теңгені құрады.). Бір анықталған кеден заңнамасын бұзғаны үшін қосымша есептеудің орташа сомасы 262 мың теңгеге тең (2023ж.-1,207 мың теңге.).

Фархат Исаев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз