7.1 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 17 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 448

Жазатайым жағдайға жол берме

Жетісу облысында биылғы бес айда 24 жүргізуші сиыр мен жылқы қағып жол апатына түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға көп. Шомылу маусымы басталар шақта аталған көрсеткіш көбейе түсуі мүмкін. Себебі Алакөл мен Балқашқа ағылған туристер есебінен күре жолда көлік қатынасы жиілейді. Қауіптің алдын алу үшін «Қазавтожол «ҰҚ» АҚ» Жетісу облыстық филиалына қарасты «ҚАЖСЕРВИС» ЖШС мамандары сақтық...

Талдықорғанда жаңа футбол стадионы ашылды

Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында Халық банкінің 100 жылдығына орай, «100 қайырымдылық ісі» акциясы аясында заманауи үлгідегі шағын футбол алаңы ашылды. Шара шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, қаламызда спорт саласын дамытуда жүйелі жұмыстар жасалынып жатқандығына тоқталып, барынша қолдайтындығын ерекше айтып өтіп, балаларға доп тарату рәсіміне қатысты. «100 қайырымдылық іс» акциясы жаңа құрылған үш облысқа сый ретінде сол өңірдің жас жеткіншектері...

Өңірді газдандыру және ауыз сумен қамтудың қазіргі жағдайы

Жетісу облысында 33 елді мекенге газдандыру жұмыстары жүргізіліп, 327 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді мекен қосылады. Ол үшін бюджеттен 12 млрд. теңге бөлінді. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз-мәслихатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев бөлісті. Басқарма басшысы атап өткендей, биыл жалпы сомасы 26...

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне әскери қызметке шақыру туралы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы Асқар Талғатов пен кадр бөлімінің консультанты Әсет Базарбеков түсіндірді. Қазіргі уақытта мектеп түлектеріне шекарашы офицері болу үшін ҚР ҰҚК Шекара академиясына, сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының әскери оқу орындарына...

«Таза Қазақстан»: «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Жетісуда жалғасын табуда

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастыратын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. Бүгін партияның Жетісу облыстық филиалының 4000 мың мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Жетісу облысы бойынша аумақтарды тазалауға шықты. Шараға Мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, спортшылар және әр түрлі мекемелер қолдау білдіріп, Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінің жағалауын...

Тағайындау

Талдықорған қаласы әкімінің өкімімен Естібаев Нариман Естібайұлы Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Нариман Естібайұлы 29 шілде 1975 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін кәсіби оқыту мамандығы бойынша оқып бітірген. Еңбек жолын Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Қарабұлақ кенті Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында мұғалім болып бастап, 1993-2019 жылдары...

Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады

Парламент Сенаты Масс-медиа туралы Мәжіліс қабылдаған негізгі заңды мақұлдады. Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарованың айтуынша, «Масс-медиа туралы» заңға мынандай жаңашылдықтар енгізу көзделген: Бірінші, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды; Екінші, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді; Үшінші, БАҚ сұрауларын...

Жетісу облысында жамбы атудан ел чемпионаты өтеді

2024 жылғы 6-10 маусым аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Жамбы ату федерациясының ұйымдастыруымен жамбы атудан 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында еліміздің IX чемпионаты өтеді. Чемпионатқа еліміздің 15 аймағынан 60-қа жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Әр аймақтан 4 спортшы ғана қатысуға құқылы. Спортшылар мажар, азия, түркі және...

Талдықорғанда туристік мурал салынды

Талдықорғанда қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасында жаңа сурет пайда болды. Бұл сурет Жетісу өңірінің басты көрікті жерлерінің бірі – Орталық Азиядағы ең биік Бұрқанбұлақ сарқырамасына арналды. Монументалды кескіндемені екі суретші бірігіп жұмыс істеді, олардың бірі қабырға суретінің эскизін жасап, екіншісі оны салды. Суретті қабырға «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығының тапсырысымен жасалды. «Visit Zhetysu» жетекшісі Жандос Нұриевтің айтуынша, қабырғаға сурет салудағы...

Талды қаланың Бас жоспары

Ғалымдардың зерттеуі бойынша тарихы сонау V-VI ғасырлардан бастау алатын Жетісудың орталығы-Талдықорған қаласы да заман талабына сай дамып келеді. Жылдан жылға  халық көбейген сайын сұраныс, талап  күшейе түсуде.Осыны ескерген облыс,қала басшылары қаланың Бас жоспарын әзірлеуге тендер жариялап, оны «АТС Град» ЖШС ұтып алған болатын. Күні кеше ғана қаламыздың Бас жоспарын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылау өткізіліп,маңызды кездесу барысында қаланы дамытудың ағымдағы...