Ардагерлер өнегесі – тәрбие негізі

17

Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, білім бөлімінің қызметкерлері мен журналистер №15 орта мектеп оқушыларымен мазмұнды кездесу өткізіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Тағылымды шара барысында олар жас ұрпаққа ата-әже тәрбиесінің мәні мен маңызы туралы кеңінен әңгімелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің қажеттілігіне ерекше тоқталды.

Үлкендер өнегесі ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы екенін атап өткен ардагерлер, әрбір баланың бойында ізгілік, құрмет, мейірім секілді қасиеттерді қалыптастыруда отбасының рөлі зор екенін жеткізді. Кездесу барысында кітап оқудың маңыздылығы да назардан тыс қалмады. Ардагерлер жастарды бос уақыттарын тиімді пайдаланып, көркем әдебиетке ден қоюға шақырды. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтар төңірегінде де келелі әңгіме өрбіді. Қазіргі қоғамда ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы сақтау, ата-анаға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау секілді асыл қасиеттердің маңызы зор екені айтылды. Спикерлер «Жастар — еліміздің болашағы, мемлекеттің  ертеңгі тағдырына жауапты жандар. Сондықтан ұлттық тәрбие, ұлттық танымдық құндылықтарды оларға үнемі айтып отыруымыз қажет. Бүгінгі жаhандану заманында тарихымыз бен дәстүріміз ұмыт қалмауы тиіс. Біз осы бағытта жастардың тікелей өздерімен жұмыстар атқарудамыз»-деп атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз