Талдықорғанда туристік мурал салынды

175

Талдықорғанда қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасында жаңа сурет пайда болды. Бұл сурет Жетісу өңірінің басты көрікті жерлерінің бірі – Орталық Азиядағы ең биік Бұрқанбұлақ сарқырамасына арналды. Монументалды кескіндемені екі суретші бірігіп жұмыс істеді, олардың бірі қабырға суретінің эскизін жасап, екіншісі оны салды. Суретті қабырға «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығының тапсырысымен жасалды.

«Visit Zhetysu» жетекшісі Жандос Нұриевтің айтуынша, қабырғаға сурет салудағы басты мақсат — Бұрханбұлақ сарқырамасын туристік орын ретінде танымал ету. «Әдетте қабырға суреттері қаланың эстетикалық келбетін жақсарту үшін салынады, бірақ біздің суретімізге екі мағына сыйып тұр. Бұл бір жағынан өнер туындысы болса, екіншіден, жарнамалық нысан. Сөйтіп біз ерекше көркем, басты туристік орындардың біріне көптің назарын аударғымыз келеді. Бұл билбордтың түрі болуымен қатар алдағы 5-7 жылда қала тұрғындары мен қонақтарын қуанышқа бөлейтін ауқымды іске айналады. Атап өтсек, сызбаға нейрондық желілердің көмегімен салынған объектілер кіреді. Біз талантты суретшілермен идеямызды бірлесіп жүзеге асыра алғанымызға қуаныштымыз. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз деп ойлаймын. Қабырға суреті Жетісу өңіріне туристердің назарын аудартуға септесетін болады», — деді Ж.Нұриев.Жергілікті суретші, талдықорғандық Еркеғали Иманғали шығармашылық жұмыстан алған әсерін бөлісті. Бұл оның тәжірибесінде қабырғаға салған 5-ші суреті, бұған дейін алдыңғы 4 суретті өзі салса, бесіншісіне арнайы эскиз әзірленді.- Бірнеше нұсқа болды, соңында 5 эскиз дайындалды. Ол эскиздермен бір айға жуық жұмыс істедім. Соңында біз осы нұсқаға тоқталдық. Мен сарқырамамызды әдемі түстермен бейнелеп қана қоймай, этникалық элементтерді қосып, туризм саласымен байланыстырғым келді. Сондықтан бейнелеу соңында сарқырамаға атпен келіп, оның табиғи ұлылығы мен сұлулығына тәнті болған этникалық стильде киінген саяхатшы қызды бейнеледім, — дейді қылқалам шебері. Ол – бұған дейін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабиге, сол сияқты дәрігерлер мен өрт сөндірушілерге арналған муралдардың авторы. Бұл кескіндемелердің бәрі облыс орталығының әр тұсындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртына салынған. Қабырға суретін салған суретшінің бірі Ернұр Сәрсекеевтің монументалды кескіндеме саласындағы тәжірибесі мол. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінде 20-дан астам қабырға суретін жасап үлгерді. Ал Талдықорғанда салған Бұрханбұлақ сарқырамасына арналған суреті – оның 23-ші туындысы. «Менің ойымша, бұл ерекше қабырға суретін жергілікті тұрғындар мақтан тұтатын болады, өйткені бұл жай ғана сурет емес, жетісулықтарды өзара біріктіретін, туған жерінің сұлулығын паш ететін жарқын идеяға айналды», — деді.

 Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз