Тағайындау

114

Талдықорған қаласы әкімінің өкімімен Естібаев Нариман Естібайұлы Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Нариман Естібайұлы 29 шілде 1975 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін кәсіби оқыту мамандығы бойынша оқып бітірген.

Еңбек жолын Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Қарабұлақ кенті Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында мұғалім болып бастап, 1993-2019 жылдары Ескелді ауданының мектептерінде директордың орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

2019-2020 жылдары «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі төраға орынбасары, 2020-2021 жылдары «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының төрағасы.

2021 жылдан осы күнге дейін, Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз