Жетісу облысында жамбы атудан ел чемпионаты өтеді

98

2024 жылғы 6-10 маусым аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Жамбы ату федерациясының ұйымдастыруымен жамбы атудан 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында еліміздің IX чемпионаты өтеді.

Чемпионатқа еліміздің 15 аймағынан 60-қа жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Әр аймақтан 4 спортшы ғана қатысуға құқылы.

Спортшылар мажар, азия, түркі және жамбы ату стилдері бойынша сынға түседі.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 6 маусымда сағат 12:00-де болады.

Жамбы атудан ҚР чемпионаты жарысының бағдарламасы:

6 маусым сағат 10:30 – 18:00 «Азия стилі»,

7 маусым сағат 10:00 – 18:00 «Түркі стилі»,

8 маусым сағат 10:00 – 18:00 «Жамбы стилі»,

9 маусым сағат 10:00 – 18:00 «Мажар стилі»,

10 маусым – марапаттау рәсімі.

Өтетін орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, қалалық ипподром.

Уақыты: 6-10 маусым.

Қосымша сұрақтар болса, мына телефон нөміріне хабарласуға болады: Жамбы ату федерациясының баспасөз қызметі, тел.:  +7 775 899 0797, Дана.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз