Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады
Қала әкімі Ернат Бәзіл 9 шағын ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру тағы да басқа мәселелер бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесіп, басталған жобаларға мұқият қарап, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін ескертті.
Бұдан бөлек, қала басшысы волейбол орталығының құрылыс жұмысын да аралап өтті.
Сонымен қатар, ірге тасы қаланып жатқан «Барыс» тұрғын үй кешені мен «Жастар - 3» тұрғын үй алабында басталып...
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет бизнесті қолдау шараларын қайта қарады
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеп, қабылдады.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында мемлекет жүргізіп отырған саясаттың қазіргі күн тәртібі мен мықты, бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құру қажеттігін ескере отырып, жаңа бағдарлама аясында тиімді жобаларға...
Елімізге маймыл шешегі еніп кетпес үшін қандай шаралар жасалып жатыр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі маймыл шешегінің ағымдағы жағдайы туралы және еліміздің аумағында инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет жариялады.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады.
Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген...
Парижде 10 күннен кейін басталатын Жазғы Паралимпиадаға Қазақстаннан қанша спортшы қатысады
2023 жылы спорт және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны 56 822-ні құрады.
Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігініңбаспасөз қызметінен мәлім болды.
Министрлік таратқан деректерге қарағанда, 10 күннен кейін Парижде XVII Жазғы Паралимпиада басталады. Бұл жолы Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болды.
«Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо,...
Шекарашыларға кітап көрмесі ұйымдастырылды
«Шекара қызметінің құрылған күні» мерекесіне орай, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлтты кітапханасында кітап көрмесі өтті. Тақырыбы: «Шекарашылар туралы жазылған кітаптар мен журналбеттеріндегі мақалалар».
Шара шекара сақшыларына түрлі елдердің әдебиеттеріне арналған арнайы бұрыштарды таныстырумен басталды. Олар: Ресей кітап бұрышы, Иран кітап бұрышы, Үндістан кітап бұрышы, Пәкістан кітап бұрышы, Түркия кітап бұрышы, Корея кітап...
Бала құқығына қатысты заң нормаларының іске асуы бақылауда —Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен кездесті. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
«Бүгін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен @zakiyevadinara кездестік. Динара Болатқызы Мемлекет басшысының әйелдер құқығын қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігі туралы қабылданған заң нормаларының іске асуын бақылау мен талдау, сонымен бірге жергілікті балалар мекемелерінің жағдайын жақсарту бойынша тапсырмаларды орындау аясында жақында...
Жетісу облысында жыл соңына дейін газға тағы 55 мыңнан астам адам қол жеткізеді
Жетісуда өңірді газдандыру жұмыстары белсенді жалғасуда. Бүгінде облыстың 333,5 мың тұрғыны газға қол жеткізді. Тағы 55 мыңнан астам тұрғыны бар 27 елді мекен осы жылдың соңына дейін газдандырылады. Солардың қатарында Текелі қаласы, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандарындағы бірқатар ауылдар және Талдықорған қаласы маңындағы тұрғын аудандар бар.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, Ескелді ауданының елді мекендері мен Текелі...
200 оқушыны қамтыған «Жазғы лагерь» бастау алды
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ,«Jetisu jastary» КММ және «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жетісу облысында студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы аясында 200 оқушыны қамтыған, 3 күндік оқыту семинары бар «Жазғы лагерь» бастау алды.
Лагерьде Жетісу облысының барлық жоғары, арнаулы, орта оқу орындарында студенттік және мектептік өзін-өзі басқарудың тиімді моделін құру және оның тұрақты...
Артық білім кітапта
«Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады». Оның тірі организм сынды жаны бар, бұл ой әлемі. Абай «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»-деп өсиет етіп кетті....
Құрылысшыларға құрмет
Құрылысшылар күні мерекесіне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бірқатар ардагер құрылысшылар мен облысымыздың индустриалдық-инновациялық дамуына үлес қосып жүрген компания өкілдері мен кәсіби құрылысшыларды құттықтады.
Сахна төріне көтерілген Ернат Дүйсенбекұлы «Әлемде әр түрлі мамандық болса, соның ішінде, қоғам өмірінде маңызды орын алатын, ауыл мен қаланың гүлденуіне тікелей үлес қосатын - мына Сіздер, құрылыс саласының қызметкерлері! Еліміз тәуелсіздік алғалы, барлық...





























