Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ,«Jetisu jastary» КММ және «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жетісу облысында студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы аясында 200 оқушыны қамтыған, 3 күндік оқыту семинары бар «Жазғы лагерь» бастау алды.
Лагерьде Жетісу облысының барлық жоғары, арнаулы, орта оқу орындарында студенттік және мектептік өзін-өзі басқарудың тиімді моделін құру және оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету дағдыларықалыптасты. Сондай-ақ студенттер мен оқушылардың қоғамдық-саяси өзгерістерге және елдің жарқын болашағына оң көзқарасын қалыптастыру мен жастар арасында шығармашылық қызығушылықтарын, өз ойын еркін білдірулерін, тәжірибе алмасу және белсенділік деңгейін арттыру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді.
Салтанатты ашылуына Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, Жастар және отбасы бөлімінің бас маманы Жанерке Бейбітқызы, облыстық мәслихат депутаты, аудандық “Жанұя” орталығының директоры Садиев Алмат Тезекбайұлы, Алакөл аудандық газетінің бас редакторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, Көшбасшы – 2024 жүлдесін иегері Есенбеков Алмат Асхатұлы, Жетісу Жастары Мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Байжұрынов Арнай қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, 3 күндік семинар-тренингте әртүрлі маңызды тақырыптар бойынша 5 спикер сабақ өткізді. Атап айтсақ, «Психология. Көшбасшылық әдіс бағыты» тақырыбында Жетісу облысы әдістемелік орталығының әдіскері, психолог — Талшын Жанабекова, «Қаржылық сауаттылықты арттыру бағыты» тақырыбында «Қарызсыз қоғам» жобасының директоры, эксперт — Замзагүл Сламбекова, «Шешендік өнер мен сөз саптау бағыты» тақырыбында — Шешендік өнер мен сөз саптау бағыты бойынша коуч – тренер — Ержан Дәулетбаев және «Кәсіптік бағдар беру бағыты» тақырыбында – профориентолог —Назар Жарасұлы.
«Ұмтылыс Q» ҚБ баспасөз қызметі