Қала әкімі Ернат Бәзіл 9 шағын ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру тағы да басқа мәселелер бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесіп, басталған жобаларға мұқият қарап, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін ескертті.
Бұдан бөлек, қала басшысы волейбол орталығының құрылыс жұмысын да аралап өтті.
Сонымен қатар, ірге тасы қаланып жатқан «Барыс» тұрғын үй кешені мен «Жастар — 3» тұрғын үй алабында басталып жатқан баспананың құрылысымен танысып, жұмыс қарқынын көрді.
Сапаны бірінші кезекке қойған қала әкімі құрылыс нысанын аралау кезінде бірқатар кемшіліктерге назар аударып, жауаптыларға уақытылы жоюды міндеттеді.