Шекарашыларға кітап көрмесі ұйымдастырылды

201

«Шекара қызметінің құрылған күні» мерекесіне орай, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлтты кітапханасында кітап көрмесі өтті. Тақырыбы: «Шекарашылар туралы жазылған кітаптар мен журналбеттеріндегі мақалалар».

         Шара шекара сақшыларына түрлі елдердің әдебиеттеріне арналған арнайы бұрыштарды таныстырумен басталды. Олар: Ресей кітап бұрышы, Иран кітап бұрышы,  Үндістан кітап бұрышы, Пәкістан кітап бұрышы, Түркия кітап бұрышы, Корея кітап бұрышы, Қытай мәдениеті мен әдебиеті залы.

Ал шекарашылардың жауынгерлік қызметі мен тыныс-тіршілігін таныстыруға арналған жүзге тарта баспа беттерімен Көрмелер және мәдени бағдарлама қызметінің жетекшісі Жанар Әбдікерімова мен кітапханашы Зарина Мәлік таныстырды.

Өткен ғасырда және соңғы жылдары ақ парақтың бетіне түскен туындылар қатысушыларға алыстағы шекара шебінде жүрген сақшылардың қызметін көз алдына әкелді.

Түрлі тақырыптағы кітапқа бай Ұлттық кітапхананың қызметкерлері  шекарашылардың өмірінен сыр шертетін туындыларға арналған көрме көрермендердің көңілінен шықты.

ҚР ҰҚК Шекара қызмкеті Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз