-3.2 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 22 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 419

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бұл туралы akorda.kz сайыты хабарлады. Қадірлі отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді. Айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілейді. Шынайы көңілмен мұқтаж жандарға жәрдемдеседі. Мұның...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтады

Бұл туралы akorda.kz сайыты хабарлады. Құрметті журналистер! Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамда құндылықтар жүйесін жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың мән-мағынасы зор. Бұл бағытта еңбекқорлық пен білімпаздықты, адал азаматқа тән қасиеттерді дәріптейтін масс-медиа өкілдері айрықша рөл атқарады. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық диалог жүргізудің ашық алаңына айналып, мемлекет пен қоғамның өзара байланысын нығайтуға зор үлес қосып...

Жетісудың үздік келіні

Еңбек адамы -   жауапкершілікпен жұмыс істейтін, өзінің кәсіби міндеттерін орындайтын, біліктілігін арттыруға және өз саласында жетістікке жетуге ұмтылатын адам. Ол уақытты бағалайды, жоспарлауды біледі, алға ұмтылады. Олар мүдделері, мақсаттары мен жетістіктері бар, әрекеті арқылы айналасындағы әлемге әсер ететін жандар. Жұмыс, отбасы, бизнес,  білім мен тәжірибе - бұл әр адамның даралығын қалыптастыратын және оның жеке өсуіне ықпал ететін факторлар. Бұлардың...

Жетісу облысы бойынша 28 маусым таңғы сағат 06:00-де Құрбан айт намазы оқылады

Биыл Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді. Бұл туралы ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесінде жарияланды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары басқармасының Жетісу облысы бойынша Бас имамы Алмас Данағұлов, Жетісу облысының санитралық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов пен облыстық Ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің бас маманы Мұрат Тлеубаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баяндады. «Жетісу облысы...

Шынайы ақпарат – өркениетті елдің даму кепілі

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев аймақтағы  БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Киелі Жетісудың шұрайлы табиғаты аясында өткен басқосуда сөз алған шаһар басшысының орынбасары Бауыржан Абибеков Әсет Дүйсебекұлының ізгі тілегін жеткізіп, арнайы дастарқан жайып сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, Бауыржан Бақытұлы: - «Қашанда халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше. Себебі, шынайы ақпарат – өркениетті елдің даму кепілі. Ал,...

Кәсіпкерлер палатасы БАҚ өкілдерін марапаттады

Жетісу облысының Кәсіпкерлер палатасы облыс орталығындағы бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлерін арнайы шақырып құттықтады. Облысымыздың Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Д.Оңалбаев салтанатты өз құттықтауымен ашты. «Құрметті  журналистер қауымы! Сіздерді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Өңірлік бизнестің жетістіктері мен өзекті мәселелері туралы жұртшылықты БАҚ-та белсенді көтеріп жүргендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Сіздердің ерен еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Сіздерге кәсіпкерлер қауымының атынан шығармашылық табыс, жаңа...

Ақпарат майданының майталмандары

Шалқар Құдайбергенов, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп- лицейдің директоры: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты». Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың осынау ойлы сөзі журналист еңбегінің қаншалықты жауапты, қаншалықты қастерлі екенін айқындап тұр. Қалам ұстаған қауымның жыл он екі ай тынымсыз еңбегі қашанда лайықты бағасын алуы тиіс. Оралхан Бөкеев ағамыз кезінде "ақиқат сөздің бәйгесі - мылтықсыз майдан,...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Өмірде халық үшін қалтқысыз еңбек етіп, көптің көңілінен шығу екінің бірінің қолынан келе беретін оңай-оспақ іс емес. Мемлекеттік қызмет -мерейлі міндет. Өйткені ол қашанда ашықтықты, адалдықты, әдептілікті, әділдікті талап етеді. Сондықтан бұл абыройлы міндетке кір келтірмей адал атқару әрбір қызметшінің маңдайалды борышы дейді, – зиялы қауым өкілдері. Нақты мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта жалпы  Жетісу облысындағы 350-ге жуық мемлекеттік мекемелердегі қызметшілердің...

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының орнына Еңбек мобильдігі орталықтары құрылмақ

1 шілдеден бастап еліміздегі Халықты жұмыспен қамту орталықтары жойылады. Оның орнына Еңбек мобильдігі орталықтары құрылмақ, -деп хабарлайды  басқа ақпаратты желілерге сілтеме жасап taldykorgan-online.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дерегіне сүйенсек, ел аумағындағы бұрынғы жұмыспен қамту орталықтары толықтай жойылады. Бұл 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты қабылданған шешім. Бүгінде өңірлерде дәл осындай 207 орталық бар. Оның орнына Еңбек мобильдігі...

Волонтер болу — отаншылдықтың үлгісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық Волонтерлер форумына қатысты,-деп  хабарлайды өзге басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz. Президент кез келген адамның волонтер бола алатынын ерекше атап өтті. «Еріктілерді барынша қолдаймын. Табанды жұмыстарыңызды қолдаймын. Соңғы жылдары елімізде ауқымды жобалар қолға алынды. Қоғамның түрлі саласында белсенді жұмыс істеп жүр. Қазақстанда кез келген адам еріктілер қорына мүше болып, пайдалы іске өз үлесін қоса алады. Шын мәнінде бұл...