Қазір дамыған және дамушы елдерде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс жасап тұр. Бұл ең алдымен энергетикалық тәуелділіктен құтқарады және жаңа жұмыс орындарының санын арттырады. Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе. АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу – энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау. Біздің ортақ шешіміміз мемлекеттің ұзақмерзімді дамуына әсер етеді. Ел игілігі жолындағы батыл қадам бізде де іске асуы керек деп есептеймін.
Гүлнар Тойлыбаева, АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілі