Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе

81

Елде АЭС құрылыс жобасына қатысты әлі де болса екіжақты көзқарас аз емес. Ал сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікірді айтып жатыр. Түсіндірме жұмыстарын Халықтық штаб мүшелері де қарқынды жүргізуде.

Халықтық штабтың кезекті үгіт-насихат жұмыстары Өтенай ауылының тұрғындарымен өтіп, экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына жерлестерге жеткізді.

«Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында атом энергетикасына ерекше тоқталып, станса салу ісі көпшіліктің дауыс беруімен шешілетінін атап өткені белгілі. АЭС құрылысы тек энергетикалық және экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады» — деді Халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Баққожаев Анас Ахатұлы.

Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе. АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу – энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау. Біздің ортақ шешіміміз мемлекеттің ұзақмерзімді дамуына әсер етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз