14.6 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 11 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 412

Шекарашыларға «Маймыл шешегінен» сақтану жолы ескертілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде әскери-медициналық бөлімнің ұйымдастыруымен «Маймыл шешегінен» сақтану жолы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Аталған шарада медициналық сауаттылық бойынша дәріс оқыған департаменттің медицина қызметінің аға лейтенанты Жанболсын Жұмабек: «Маймыл шешегі» - маймыл шешегі вирусын тудыратын ауру. Бұл вирустық инфекция адамнан адамға берілуі мүмкін. Ал жекелеген жағдайларда инфекция маймыл шешегімен ауыратын адам ұстаған қоршаған ортаның заттары...

Шекарашыларға Раджан Батырхановтың ерлігін үлгі етті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында «Застава тарландары» республикалық қоғамдық  бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы запастағы полковник Николай Мечетинмен кездесу өтті. Кезекті тақырып та ерекше - 1994 жылғы қыркүйек айында Тәжік-Ауған шекарасында орын алған қарулы қақтығыста қаза тапқан Раджан Батырхановтың ерлігі туралы. Ардагердің айтуынша, мектепті бітіре сала әскер қатарына қабылданған оғлан 19...

Жас сарбаздар — шекара күзетінде

ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Күз-2024» мерзімді әскери қызметшілерін қабылдауды бастады. Азаматтық өмірден келген жастарды қалыптасқан үрдіс бойынша салтанатты түрде қарсы алды. Жас толқынның келуіне арналған шарада шекара басқарманың жеке құрамы толықтай сапқа тұрды. Қазақы ою-өрнекпен көмкерілген көйлек киген әйел әскери қызметшілер әскери өмірге жаңа қадам басқан ұландарға бауырсақ таратты. Саптық алаңда жауынгерлердің...

АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ 2024 жылдың 13-26 қыркүйек аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1 200 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының респонденттері қатысты. Жалпы респонденттердің басым бөлігі – 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. «Қазақстанда АЭС салу идеясына көзқарасыңыз қандай?» деген сұраққа респонденттердің...

Жетісу облысында ұлттық жобаның арқасында 59 жаңа медициналық нысан іске қосылады

Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақсу, Алакөл, Сарқан, Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ аудандардағы және Панфилов шекара маңындағы 15 дәрігерлік амбулаторияны, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пунктті қоса алғанда 59 нысанның құрылысы басталды. Жалпы өңірде қабылданған шаралардың арқасында соңғы 2 жылда денсаулық сақтау нысандарын жаңарту деңгейі 50% -дан асты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық...

Талдықорғанның мерейлі мерекесі тойланды

Қыркүйектің төртінші сенбісінде талдықорғандықтар  қала күнін ерекше көңіл-күйде  атап өтті. Әсем де көрікті шаһардың  облыс орталығы мәртебесін алғанына 80 жыл толды. Шаһарымыз  күннен күнге гүлденіп, өсіп, өркендеп, тұрғындар саны 200 мыңнан асты. Орта және шағын бизнестегі кәсіпкерлік субъектілер 18 мыңға жуықтап, қала бюджеті 56 млрд теңгеге жетті. Жастар саябағында түрлі қойылымдар мен көрмелер ұйымдастырылды.Биыл мерекеге орай балалармен қатар, ересектерге де...

Тәуелсіз жастар алаңы

Талдықорған қаласының №125 мектеп ғимаратында, облыстық қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Адам жəне қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі «Тəуелсіз жастар алаңы» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге облыс аумағынан 10 команда қатысты. Американдық парламенттік форматта, қазақ тілінде өткен басқосуға 14-35 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Сыни ойлау қабілетін дамыту, өзара мəдениеттілікті қалыптастыру, төзімді болуға үйрену, кез...

Талдықорғанда «Үздік аула» байқауы жеңімпаздары марапатталды

Облыс орталығы Талдықорғанда «Таза Қазақстан», «Таза қала» Талдықорған экоакциясы аясында «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары  анықталды. Байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды тарту етуге қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы барып, қаламыздың көркеюіне өзіңдік үлестерін қосып жүрген азаматтарды марапаттады. Қала басшысының айтуынша, аталмыш  шара қала тұрғындарының қоршаған орта мен аулаларын қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, тазалық пен тәртіпті сақтауға ынталандыру мақсатында өткізілді. Шілде...