Жас сарбаздар — шекара күзетінде

86

ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Күз-2024» мерзімді әскери қызметшілерін қабылдауды бастады. Азаматтық өмірден келген жастарды қалыптасқан үрдіс бойынша салтанатты түрде қарсы алды.

Жас толқынның келуіне арналған шарада шекара басқарманың жеке құрамы толықтай сапқа тұрды. Қазақы ою-өрнекпен көмкерілген көйлек киген әйел әскери қызметшілер әскери өмірге жаңа қадам басқан ұландарға бауырсақ таратты. Саптық алаңда жауынгерлердің ұлттық рухын көтеруге арналған ән-күйлер ойнап тұрды.

Мінбеге шыққан Алакөл ауданы бойынша шекара басқарма бастығы подполковник Мақсат Рысдәулетов:

-Құрметті, жас сарбаздар! Сіздер, Шекара қызметінің қатарына Отан алдындағы азаматтық парыздарыңызды өтеуге келдіңіздер. Бүгінен бастап, сіздер Шекара шебін берік күзету ісінде жүрген шекара сақшыларының бірісіздер. Үйде ата-аналарыңыз ұлдарының осындай абыройлы да беделді жауынгерлік қызметке жүргендеріңізді мақтан тұтуда. Алдағы уақытта ел сеніміне сілкеу түсірмей, туған жер алдындағы қызметтеріңізді аброймен ақтайтындарыңызға бек сенемін! – деді.

Қыркүйек айының соңына дейін жиналған бес жүзге жуық сарбаз Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде Ант қабылдап,    шекарашылардың өмірімен танысатын болады. Сонымен қатар, оқу орталағында кинолог, атшы, көлік жүргізушісі, прожекторист, радиолакациондық станциясының операторы, электро-құралдар шебері, шекара бақылаушы, атқыш сияқты мамандықтарға даярланады. Сабақты тәжірибелі оқытушылар жүргізеді.

Келесі жылдың қаңтар айының басында «Күз-2024» мерзімді әскери қызметшілері оқу барысында алған мамандықтары бойынша шекара бөлімшелеріне жолданады.

                         ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз