Шекарашыларға «Маймыл шешегінен» сақтану жолы ескертілді

4

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде әскери-медициналық бөлімнің ұйымдастыруымен «Маймыл шешегінен» сақтану жолы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Аталған шарада медициналық сауаттылық бойынша дәріс оқыған департаменттің медицина қызметінің аға лейтенанты Жанболсын Жұмабек:

  • «Маймыл шешегі» — маймыл шешегі вирусын тудыратын ауру. Бұл вирустық инфекция адамнан адамға берілуі мүмкін. Ал жекелеген жағдайларда инфекция маймыл шешегімен ауыратын адам ұстаған қоршаған ортаның заттары арқылы таралады. «Маймыл шешегі» вирусының кейбір жабайы жануарлар популяцияларында таралған жағдайында инфекция жұқтырған жануарлармен байланыста болған адамдарға берілуі мүмкін, — дейді.

Жұқпалы аурудың белгілері: қызу көтерілу, қатты бас ауру, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, әлсіздік, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, теріде бөртпелердің пайда болуынан көрінеді екен.

Шараға қатысқан шекарашылар әлемде таралымы жағынан жұқтырып алу қаупі мол «Маймыл шешегі» туралы мол мағлұмат алды.

                      ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз