Талдықорғанда «Үздік аула» байқауы жеңімпаздары марапатталды

61

Облыс орталығы Талдықорғанда «Таза Қазақстан», «Таза қала» Талдықорған экоакциясы аясында «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары  анықталды. Байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды тарту етуге қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы барып, қаламыздың көркеюіне өзіңдік үлестерін қосып жүрген азаматтарды марапаттады.

Қала басшысының айтуынша, аталмыш  шара қала тұрғындарының қоршаған орта мен аулаларын қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, тазалық пен тәртіпті сақтауға ынталандыру мақсатында өткізілді.

Шілде айында бастау алған байқауға 13 өтінім түсіп, атқарған жұмыстарын әлеуметтік желілерде жарияланып, халықтың дауыс беруі арқылы көп дауыс жинаған байқау қатысушылары жеңімпаз деп танылды.

Байқау қорытындысында, 1-ші орынды «Ғарышкер» шағын ауданы, 31-ші үйдің тұрғыны Шангужанова Нұртай Уәлиқызы иеленді.  Нұртай апа өз ауласына 150 түп жеміс ағашын егіп, оның 49-ын  жерлесіміз,  белгілі журналист, халық жанашыры Бейсен Құранбектің атына арнап, бүгінде жеміс бағынан өскен жемістерін қала тұрғындары да дәм татуда. Айтуынша, биыл 60 келі қарақатты балалармен жинап, қала тұрғындарына қайырымдылық ретінде үлестіріпті.

2-ші орын «Мүшелтой» шағын ауданы, 2-ші үйдің тұрғыны  Тұрсынай Мұсабекова алса, 3-ші орын Абай көшесі, 280-ші үйдің тұрғыны Абдрашитова Ольга Федоровнаға бұйырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз