Мектептерде тамақтануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Баршаға белгілі, еліміз бойынша 2023-2024 оқу жылының басынан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына тамақтану ұйымдастырылған. Жетісу облысы бойынша 340 мектеп болса, оның 277-де асхана, 17-де буфет және 46-сында буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылып отыр. Өңірдегі оқушылар саны 129595 құраса, оның ішінде 116016 ыстық тамақпен, қалғандары буфеттік тамақпен қамтылған,-дейді журналистермен өткен брифингте Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары...
Қазіргі сатып алу жүйесі бәрін тежеп отыр
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысы қолданыстағы рәсімдер көбінесе мемлекеттік сатып алулар үдерісінің әдейі кешіктірілуіне әкеліп соқтыратынын, оның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайтынын атап өтті.
"Мұндай жағдайда пәрменді...
Қазақстанда қосылған құн салығы көтерілмейтін болды
Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қосылған құн салығы мөлшерлемесі көтерілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірісін толықтырудың басқа жолдарын іздеуіміз керек. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері республикалық бюджеттің шығыстарын да, кірістерін де сапалы жоспарлауды қамтамасыз етулері қажет. Мұнда ең алдымен цифрландыру есебінен салықтық және...
Жаңа министрлер ант қабылдады
Үкімет отырысында қызметіне жаңа тайындалған Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы министрі Мәди Такиев, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ант берді, - деп хабарлайды taldykorgan-online.kz басқа желілік басылымдарға сілтеме жасап.
"Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға,...
…Жалғыздықта махаббат бар алғашқы
«...Ажырасқалы бері есік алдымнан еркектер толастаған емес. Сенесің бе, тіпті, күйеуімнің жолдастары да көлігімен келіп есігімді торыды. Бәрінің ойы тек біреу. Ажырасқан әйелді пайдалану ғана. Менің бақытты болғым келмейді деймісің? Мен де мына махаббатты сезінгісі келмеді деймісің, айтшы?Бірақ біздің қоғамда ажырасқан әйелдердің бақытты болуға хақысы жоқ»...
Театр. Премьера. Сахна. Жаңа серпін. Бұл жолғы қойылым бұрынғыдан өзгерек болды. Расымен, жәй ғана...
Ауыл халқының табысы артуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен оның қосылған құнын арттыру, кооперативтерді дамыту стратегиялық міндет екенін атап өткен болатын. Осы орайда ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, еліміз бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты.
Өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өңірде жалпы сомасы 142,8 млн....
Маска тағу режимі қайта оралды
Аймақта ауа-тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралар мен эпидемиологиялық ахуал жөнінде Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев баспасөз мәслихатында хабарлады.
Спикердің айтуынша облыста қызылша мен коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы тұрақты.Сырқаттанушылық деңгейін төмендету мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Қызылша жұқпасымен сырқаттану қараша айының соңындағы жағдаймен салыстырғанда біршама төмендеп отыр. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар айында КВИ-дің...
Президент табиғат тосын мінез танытқанда жанқиярлықпен еңбек еткен қызметкерлерге алғыс айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғат тосын мінез танытқанда жанқиярлықпен еңбек еткен бір топ азаматқа алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды. Бұл туралы ақпарат Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.
"Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль...
Парақ тайм-2024: Кітап оқу мәдениетіне үндейді
«Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің 7-8-9 ақпан күндері үш күнге созылған «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. Жәрмеңкенің жабылуына қаламыздың ардагерлері,ақын-жазушылар,балалар,жасөпірімдер,мұғалімдер,қала тұрғындары қатысты.
Жәрмеңкеде «Атамұра», «Асыл қазына» дүкендері ақын жазушылардың кітаптары қолжетімді бағада ұсынды. Рухани шараға халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуат Қайранбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайрат Бестібаев және Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының...
Талдықорғанда газтурбиналық станция салынады
Талдықорған қаласында электр және жылу энергиясын өндіруді ұлғайту мақсатында газтурбиналық станция салу жоспарланып отыр. Оған жеке инвестор 37 млрд. теңге қаражатын салмақшы. Бүгін осы мәселеге қатысты Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов инвестор компанияның өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиында Әсет Қанағатов елімізде, соның ішінде Жетісу өңірінде экономиканың елеулі дамуының нәтижесінде электр және жылу энергиясына...




























