Ардагер ақыл-кеңесімен бөлісті

9

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрметті азаматы, Ауған жауынгері, Шекарашы ардагерлердің  «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, отставкадағы полковник Қазақбай Ертышбаев ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен кездесті.

Сұхбат барысында шекара сақшыларына әскери тәртіпті қатаң сақтап, әдептіліктерімен өзгелерге үлгі болауға шақырды. Жауынгерлік жолдастық пен бауырластықтың жауынгерлік қызметті орындаудағы оң ықпалы ететінін  айтты.
Шекарашы ардагер бірнеше күнге созылған тәрбие жұмысы кезінде аталған шекара басқармасының «Достық» шекаралық бақылау бөлімінде және «Жалаңашкөл», «Айдала», «Шыңдалы», «Шолақ», «Селті», «Жетісу» шекара бөлімшелерінде мазмұнды тақырыпқа толы кездесулер өткізді.
Отставкадағы полковник Қазақбай Ертышбаев:
-Саналы ғұмырын шекара шебіне арнап, зейнеткерлік жасқа жеткен әр ардагердің міндеті — жинаған тәжірбиесін соңынан ерген жастармен бөлісу деп ойлаймын. Кездесу барысында шекарашылар әр айтқан әңгімемді мұқият тыңдады. Жанарларынан «білсем», «үйренсем» деген құлшынысты көрдім.
Айбынды сайыпқырандарымыз тұрғанда шекараға сызат түсірмейтін дәстүрлі
жауынгерлік қызметіміз жалғаса беретініне бек сенімдімін! — дейді.

                                     ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз