Халал өнім : Жетісу өңірінің кәсіпорындары тексерілді

9

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Жетісу облысына арнайы іссапармен келді.

Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлымен бірге жергілікті кәсіпкерлер, мешіт имамдары мен дін қызметкерлері, әйел жамағатына «Халал – шариғат талабы» тақырыбында оқу-семинар өткізіп, кәсіпкерлерді халал индустриясын дамытуға, бірлесе қызмет етуге шақырды. Семинар аясында, Sunfood» кондитерлік өнімдері, «Kastom Food» тамақтану орны, «Issmile» фаст-фуд кәсіпорны өкілдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Сонымен қатар, технолог мамандармен бірге жергілікті қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд желілері, кондитерлік цехтар, ет дүкендерінде аудит жұмыстарын жүргізіп, бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуын қадағалады. Сондай-ақ, жергілікті «Жетісу» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасына сұхбат беріп, отандық халал индустриясының хал-ахуалы төңірегіндегі мәселелерге жауап беріп, «Халал Даму» мекемесінің жұмысы мен бағыт-бағдарын баяндады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз