Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды

3

Конституциялық заңның негізгі мақсаты – Алатау қаласының қарқынды әрі орнықты дамуы үшін жағдай жасау.

🟦Қаланың ерекше құқықтық мәртебесіне сай инновациялар, инвестициялар және экономикалық өсім үшін қолайлы орта құруға бағытталған дербес экожүйені қалыптастыруды көздейтін түбегейлі жаңа тәсілдер қолданылады.

🟦Конституциялық заңға сәйкес, қаланы мемлекеттік басқарудың жаңа моделі енгізілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік, кеден ісі, цифрлық активтер, құмар ойындары, әлеуметтік сала, қаржы нарығы, архитектура мен қала құрылысы, экология әрі қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, спорт және тағы басқа салаларды реттеудің негізгі қағидалары белгіленді.

🟦«Алатау резиденті» құқықтық мәртебесі бекітілді. Арнаулы мәртебені әкімшілік бірқатар санат бойынша жеке және заңды тұлғаларға береді. Арнайы режимнің қолданылу көлемі мен тиісті құқықтар, міндеттер мен талаптар осы резидент мәртебесіне қарай анықталады.

🟦Шаһардың ұзақ мерзімді инвестициялық және технологиялық өркендеуі стратегиялық құжаттар негізінде қамтамасыз етіледі. Нақты айтқанда, Алатау қаласының ұзақ мерзімді даму жоспары, мастер-жоспары және дамыту стратегиясы қабылданады.

🟦Алатау қаласының қауіпсіздігін, сондай-ақ «ақылды қала» ретінде тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым нысандары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелерінің барлық дерегі бірыңғай цифрлық басқару платформасына біріктіріледі.

🟦Сонымен қатар қаланың инвестициялық климаты мен инвесторларға берілетін кепілдіктері, салық-бюджет саясаты, дизайны мен жер қатынастары аталған конституциялық заң аясында реттеледі.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз