Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған тарихи құжат деп білемін. Алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалып, нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер жүктелген болатын.
Ең әуелі Президент халқымыздың қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатқандығын, ауқымды реформалар жасалып, еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгергендігін, нәтижесінде халықтың құқықтық мәдениеті артып келетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуды, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсартуды, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалануды, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді көздейтін бірқатар бастамаларға кеңінен тоқталды. Соның бірі өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды екенін ашық айтқан болатын. Бұл тұрғыда біздің өңірде аймақтың экономикасын әртараптандыру, өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту бойынша шараларға басымдық беріліп, өндірістік жобалар жүзеге аса бастады.
Жарылқасын Болатұлы, «Айсұлу» тігін фабрикасының директоры