«Жас Ұрпақ» ҚБ төрт әлеуметтік жобаны жүзеге асырды

9

Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі бірнеше жобаны биыл қолға алып, оны сәтті аяқтады. Өз жұмыстары  турасында  өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында өткен жиын барысында   аталмыш қоғамдық бірлестіктің төрайымы Бақыт Қалиева мен үйлестіруші Дархан Асханбаев баяндады.

 Бірінші жоба  «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету» басым бағытында  «QOLDAU» бейімдеу орталығымен әлеуметтік  жобаны ағымдағы жылы жүзеге асырды.   Есепте тұрған  бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтенуге бағыттау, кәсіптік білім деңгейін көтеру, оларды қоғамдық ортаға бейімдеу және заңгерлік, психологиялық қолдау қызметін үйлестіру, жұмыспен қамту бойынша жұмыстар атқарылды.

 Мұнан кейін «Қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының алдын алу» басым бағыты бойынша «Jetisu.NET» қаржылық сауаттылық орталығы әлеуметтік жобасы  маңызды болды.  Бұл іс өңір тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға жәрдемдесу және алаяқтық схемалар мен «инфобизнесмендерді» әшкерелеуге бағытталды.

Лудоманияның алдын алу бойынша 10 тренинг өткізілді.   Ал, «Әкелік институтын нығайту және дамыту» басым бағыты бойынша  «Жетісу әкелер мектебі» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.  Жобаның нәтижесінде, білім басқармасымен  өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бүгінде 50 мектепте «Әкелер кеңесі» жұмыс жасауда. Сондай-ақ,  «Азаматтарды қоғамдық бақылауға тарту» бағытында жүйелі істер қолға алыныпты. Құқықтық сауаттылыққа арналған 10 оқыту семинары өткізілді,  тұрғындарға кеңес беріліп, сауалнама жүргізілді. Шағын гранттар байқауы өтті.  Облыс форумда жұмыс нәтижелері сараланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз