Талдықорғанда арық жүйелерін ретке келтіру жұмыстары басталды
Қала аумағында 384 шақырымнан аса арық жүйелері бар болса, соның көп бөлігінің тозығы жеткен. Осыған орай, өткен жылы бірнеше көше бойындағы арық жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, жалпы 2 шақырымнан аса арық латоктары жаңартылған болатын.
Биылғы жылы да, бұл жұмыстар қолға алынып, 10,7 шақырым болатын арық арналарына жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Сала мамандарының сөзінше, ағымдағы жылы көктем айында қала аумағында басталған көпір өткелдері...
Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады
Қала әкімі Ернат Бәзіл 9 шағын ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру, кәріз, ауыз су жүйесі және тағы да басқа мәселелер бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесіп, басталып жатқан жобаларға мұқият қарап, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін ескертті.
Бұдан бөлек, қала басшысы іргетасы қаланып жатқан теннис және волейбол орталығының құрылыс жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, Н. Алдабергенов және Қабанбай батыр көшелерінде бастау...
«Мектеп барысы» жобасының жеңімпазы анықталды
Талдықорғанда еліміз бойынша тұңғыш рет оқушылар арасында қазақ күресінен «Мектеп Барысы» жобасының ақтық кезеңі өтті. Тартысқа толы додаға, қаламыздың 27 мектебінен іріктеліп шыққан үздік балуандар «Мектеп Барысы» атағы үшін белдесіп, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, жас өрендерге сәттілік тілеп, қазақ күресінің одан әрі дамуы үшін бұндай тың жобаларды әрқашан қолдайтындығын айтып өтті. Ақтық кезеңде топ...
Жетісу облысының футбол федерациясы бірлестігінің төрағасы сайланды
15 мамырда Талдықорған қаласында Жетісу облысының аудандары мен қалаларының футбол федерацияларының президенті болып көпшілік дауыспен «Жетісу облысының футбол федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) төрағасы Буков Виктор Иванович сайланды, байланыс нөмері: 8 702 058 31 19
Тарихи «Жошы хан» кітабының тұсауы кесілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында көрнектіжазушы Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» тарихи романының тұсаукесеріне қатысты.Қазақ мемлекетінің бастауында болған Жошы ұлысының құрылғанына биыл 800 жыл.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев«Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Сонымен қатар тарихшыларымыздың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына - 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін...
Жетісу облысында балалар арасында көкжөтел ауруы жиіледі
Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиевтің мәліметінше, биыл өңірде көкжөтелдің 34 жағдайы расталған. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың көрсеткіші көп. Сырқаттанушылық облыстың Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында тіркелді.
«Бүгінгі күні Жетісу облысы бойынша расталған жағдайлардың 94 пайызы бұрын көкжөтелге қарсы бірде-бір екпе алмаған. Осы орайда, инфекциялық ауруды төмендету үшін бірқатар шаралар атқарылуда....
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы жүзеге асып жатыр
Жетісу облысында биыл біршама медициналық нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте хабарлады.
Денсаулық сақтау саласы үшін халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – басты басымдық. Бұл ретте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында аудандарда 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт салу...
МӘМС және ТМККК аясында тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?
Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер азаматтарда белгілі бір аурулар болған кезде ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқылы екенін айқындайды.
Бүгінгі күні емханаларда МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 261 атауы 68 сырқат түріне және ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 386 атауы 52 сырқат түрі бойынша қамтамасыз етіледі.
МӘМС...
Жетісуда әдеп-құқықтық тәрбие жөніндегі менторлық жобаның аясы кеңейтілуде
Жетісу облысында бір жылға жуық уақыттан бері «Әдеп-құқықтық тәрбие жөніндегі ментор» жобасы жүзеге асырылып келеді. Пилоттық жоба облыс орталығы Талдықорған қаласының мектептерінде өткен жылдың қыркүйек айынан басталса, ал биылғы жылдың қаңтар айынан Панфилов ауданының мектептеріне енгізілді. Осы уақыт ішінде түрлі саласының мамандары және қонақ лекторлар қазіргі заманның өзекті тақырыптарына арналған 170-ке жуық кездесу өткізіп, ол кездесулерге 17 мыңнан астам...
БАҚ өкілдеріне жауапкершілікпен қоса, олардың әлеуметтік жағдайы да қарастырылуы тиіс
Мемлекет басшысы өткен жылғы 16 наурыздағы Жолдауында: «Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін еместігіне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек» деп Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алдына салалық заңнаманы жетілдіру міндетін қойған болатын. Бүгінде «Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қаралуда.
Қашанда...





























