Кеген ауданы қарқынды дамуда

479
Дереккөз

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Кеген ауданында 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен 2019 жылға әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері» атты  баспасөз мәслихаты өтті.

2018 жылдың  31 наурызында Елбасының Жарлығы бойынша Алматы облысында Райымбек ауданын бөлу жолымен Райымбек және Кеген аудандары құрылған болатын. 710 мың гектар аумақты алатын Кеген ауданында 12 ауылдық округ және 34 елді мекен бар. Жалпы ауданда  32400 халық шоғырланған. Ауданда 103 әлеуметтік сала бекітілген, оның ішінде 32 мектеп, 25 мектепке дейінгі мекеме, 28 медицина орталықтары және 18 мәдениет ошақтары жұмыс істейді. « 2018 жылы ауданның экономикалық көрсеткіштері қалыпты өсіммен аяқталды. Өнеркәсіп саласында 18 млрд 122 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 109,4 %  құрады. 2019 жылы  өнеркәсіп саласын дамытуға арналған жобалар қолға алынуда. Соның бірі «ALKO ENERGI» ЖШС арқылы құны 3 млрд 300 млн болатын  жел  электр станциясын салуды жоспарлаудамыз. Оның қуаттылығы 15 МВт , жылына 24 мың тонна электр энергиясын өндіріп алуды күтудеміз. Инвестиция саласы бойынша 2018 жылы ауданда 4  млрд 205 млн теңгеге инвестиция тартылған болатын. Аудан көлеміндегі ең ірі инвестиция «Жаңа Ақтасты» ЖШС  арқылы 900 млн теңге болатын 6 мың бас  ірі-қара малды бордақылауға арналған алаңның  құрылысы аяқталды. Ауданда  ауылшаруашылығы саласы да қарқынды дамуда. Соның ішінде жайылым, шабындық және егістік жерлері игерілуде. Құрылыс жұмыстары да өткен жылы өз нәтижесін көрсеткен болатын.  9 ауылда тұрғын үйге негізделген  су жүйесінің құрылысы жүргізілсе, Қарқара ауылында медицина пункті салынып, қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Кеген ауылында спорттық-сауықтыру кешеніне  12 млн теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша бұл орталықты 2019 жылдың 1 мамырында ашуды көздеп отырмыз. Ең маңызды саналған ауыз су және жол мәселелері де өз кезегінде шешімін табуда. 2019 жыл Елбасының Жарлығы бойынша «Жастар жылы» деп бекітілді. Соған орай аудан көлемінде көптеген шаралар ұйымдастыруды көздеудеміз. Ең алдымен жастарды жұмыспен қамтымақпыз. Ауданда 1120 азамат жұмыс іздеуші  деп тіркеліп, олардың 798-і тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді, 38-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе,47-сі жастар тәжірибесіне жіберіліп, 207 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды. Және Елбасының тапсырмасына сәйкес төменгі еңбекақы  алушылардың еңбекақысын көтеру мәселесі қолға алынды. Бөлінген 169 млн 843 мың теңгенің 163 млн мемлекеттік мекемелерге қаралса, 6 млн ауылдық  елдімекендердегі қызметкерлердің еңбекақыларын көтеруге жұмсалуда» — деді Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов.

Салтанат ИРҒАИПОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK