«Жетісу Жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдануда

5
АҚ «Отбасы банк» мен Талдықорған қаласы әкімшілігі екіжақты «Жетісу Жастары» атты жас азаматтарымызға арналған бағдарлама қайта іске қосылатындығы жайлы жариялады.
Талаптары:
• Жергілікті атарушы органда кезекте тұру
• 21 — ден 35 жасқа дейінгі азаматтарға
• Бастапқы жарна — 0% бірінші нарықтағы үйге, 10 % екінші нарықтағы үйлерге.
Несие сомасы 10 000 000 теңге.
Несие пайызы — 5% (ЖТСМ 5,2%-ден бастап)
• Несие мерзімі — 19 жылға дейін
Бағдарламға 35 жасқа толмаған үй кезегінде тұрған жас азаматтарымыз қатыса алады.
Талдықорған қаласында 1 жылдан кем емес жұмыс жасауы міндетті.
Бағдарлама бойынша өтінім қабылдау 13.01.2025-17.01.2025 аралығында қабылданады.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
— Қатысушы мен жұбайының жеке басын куәландыратын құжат
-Неке/ажырасу/қайтыс болу туралы куәлік
— Балалардың туу туралы куәлігі
— Жалақы туралы анықтама (соңғы бір жыл уақыт аралығында болуы тиіс)
— Қатысушы мен жұбайының (соңғы 12 айдағы) зейнетақы жарналары туралы EGOV-пен анықтамасы
-Жеке кәсіпкерлерге қызмет көрсететін банктегі картадан выписка ( соңғы 12 айдыкі)
Құжаттарды қабылдау мекен жайы: Талдықорған қаласы, “Болашақ” шағын ауданы, 13 үй.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз