Талдықорғандағы қоныстой қуанышы

13

Баспаналы  болу –   үлкен  бір   бақыт. Ал сол  аңсаған   шаңырағыңның кілтін  жаңа келген   жылда алу  қуанышты үстемелей  түсуде.  Осы  сәтті күнді    аптаның сейсенбісінде  талдықорғандықтар  бастан кешті.   Шаттыққа толы шараның біз  де  куәгері болдық.

Облыс орталығы  Талдықорған  қаласындағы  «Береке» коттедж қалашығында тұрғын үй кезегінде тұрған  30 көпбалалы отбасыға баспана кілті табыс етілді. Құрылыс жұмыстарымен айналысқан  «Амиржан и  компания» ЖШС  мердігер мекеме. Құрылыс компаниясы  екі қабатты тұрғын үйдің  барлық әрлеу жұмыстарымен айналысқан. Барлық үйлерге көгілдір газ тартылып, су, жылумен қамтылып отыр.

Осынау қуаныштарымен құттықтау үшін қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы келіп, баспаналы болып жатқан тұрғындарға ақжарма тілегін білдіріп, баспана кілттерін табыс етті. « Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз. Бүгін кезекті қауыншқа жиналып тұрмыз.  Қазіргі күні  тұрғын кезегінде 14 мың 500 адам тұрса, алдағы уақытта кезекті екі есе қысқартпамыз деп ойлаймыз.  Тұрғын үйге ие болып, жаңа қонысқа кіріп жатқан қуаныштарыңыз құтты болсын.  Осы үйлеріңізде балаларды ержеткізіп, ұлды –ұяға, қыздарыңызды – қияға қондырып, бақытқа кенелініңіздер. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын»,- деді қала әкімі.

Бүгінде Талдықорған қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған халықты жайлы баспанамен қамту жұмысы  қарқынды түрде жүзеге асуда. Оған дәлелі,   өткен жылы да  баспанаға ие болғандар қарасы көп болды. Жаңа жылдың қарсаңында  осал топ санатындағы 25 отбасы қоныстойларын тойлаған еді.   Ал  осы 2025 жылы да  үйсіз жүрген тұрғындар  жаңа баспанамен  қамтылады деп жоспарлануда.

«Бүгінгі  тұрғын үй  кілтін алу сәтіндегі қуанышты сөзбен айтып жеткізе алмаймын.  Отбасыма    үлкен   тосынсый болды.  Себебі, баспанадан баспана көшіп жүрдік. Өз баспанаң болмаған қиын ғой. 10  жылдан астам уақыт үй кезегінде тұрып, осы сәтті ұзақ күттік. Өте  қуаныштымыз! Осылай халықтың жағдайын жасап, аса мән беріп жатқан азаматтарға,  облыс,  қала әкімдігіне алғысым шексіз», — деді  көпбалалы ана А. Маматаева.

Салтанатты жиында қолдарына пәтер кілттерін алған тұрғындармен бірге Ернат Дүйсенбекұлы да жылы, жайлы қонысты  аралап  көріп шықты. Қоныстарыңыз құтты болсын, талдықорғандықтар !

                                                                          Суреттерді түсірген: Олжас Құрмашев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз