Құс фабрикасының жұмысы қайта жанданбақ

328
Дереккөз

Ағымдағы жылы  Ұйғыр ауданында 6 демалыс орны  және  Шонжы ауылында спорттық-сауықтыру кешені салынбақ. Сонымен қатар жұмысы тоқтап тұрған «ҚазРос-Бройлер» құс фабрикасын қайта  жандандыру жоспарлануда.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2019 жылғы жоспарларға тоқталды. Ауылшаруашылығы саласына 937 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген. Өсімдік шаруашылығына 214 млн теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 80 млн теңге, инвестициялық субсидияға 367 млн теңге бөлінсе, жергілікті кәсіпкерлер 276 млн теңге көлемінде несие алған. 2018 жылы ауылшаруашылық саласы бойынша 24 млрд. 950 млн теңгелік өнім өндіріліп, нақты көлем 103, 3 %  құрады. Аудан ауылшаруашылығы саласында жүгері өндірісі мен жеміс-жидек бақтарының көлемін ұлғайту, ет өндірісі, өнеркәсіптік жылыжай сынды негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс жасайды. «Егін шаруашылығында егістік көлемі 22424 га құраса, жүгері 11643 га жетті. Өткен жылмен салыстырғанда астық 5525 тоннаға, жүгері 4835 тоннаға артты. Ағымдағы жылы жүгері алаңын 11750 га жеткізу жоспарлануда»-деп атап өтті Шухрат Турдахунұлы. Ауданның туризм саласы да қарқынды дамуда. Танымдық-экологиялық қызмет көрсету мақсатында 48 демалыс орны, 3 қонақ үй, тау бөктерінде орналасқан аңшылар үйлері жұмыс атқарады. Өткен жылы демалуға 71150 адам келіп, ақылы туристік сауықтыру қызметінің көлемі 370,0 млн. теңге болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK