Қысқы Универсиада: 15 қаңтарда қазақстандық жастар қандай спорт түрлерінен сайысқа түседі

6

Бүгін, 15 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы (ерлер, әйелдер), парашаңғы жарысы фристайл жұптық-могул және шайбалы хоккейден сынға түседі.

Сағат 13:30-де шаңғы жарысы (10 шақырым) ерлер арасында Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабе, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков жарыс жолына шығады.

Одан кейін 16:00-де әйелдер арасында Лаура Кинебаева, Мария Геращенко, Анастасия Ротова, Елизавета Толмачева, Әсем Жұмағазиева және Алеся Бочкарева ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ 14:00-де парашаңғы жарысынан (10 шақырым) Денис Зинов пен Роман Құрбановқа сенім артамыз.

Сағат 15:00-де фристайлда жұптық-могулдан Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Фёдор Бугаков, Антон Бондарев, Семён Русаков, Максим Емельянов сайысқа түседі. Ал 19:00-де финалдық сайыс болады.

Екінші жарыс күнін сағат 00:00-де шайбалы хоккейден ерлер арасында Қазақстан — Канада кездесуі түйіндейді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз