30.2 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 7 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 350

Аслы Осман: «Қазақ халқының мейірім, қайырымын ешуақытта ұмытпаймын»

ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Отан сақшысы - Часовой Родины» газетінің Жетісу облысы бойынша тілшісі подполковник Манарбек Қарекеновке филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, «Парасат орденінің» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Османнан сұхбат берді. Сұхбат барысында Асылы Әлиқызы мемлекеттік тілге қатысты бірнеше түйіткілді сұрақтарға жауап берді. Қазак тілінің мерейін өсіруге қатысты ойларымен бөлісті. Қазақ еліне деген өзінің ризашылығын...

Қазақстанда жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды

«Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек» – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің тапсырмасына сәйкес ішкі туризмді және жолаушылар әуе тасымалын дамыту мақсатында 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа үш әуежайдың құрылысы басталды. Бұл жобалардың іске асырылуы өңірлердегі экономиканың...

Жетісу облысының елді мекендерін газдандыру

Бүгінгі таңда аймақты газдандыру деңгейі 56,5% құрайды. 63 елді мекен газдандырылды (оның ішінде 30 елді мекен 2024 жылы газдандырылған), 392,6 мың адам (98,9 мың абонент) газға қол жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында (126 н/п) 2025 жылы тағы 63 елді мекенді газдандыру қажет. Ағымдағы жылы 45 жобаны іске асыруға бюджеттен 5,9 млрд.теңге (ҰҚ – дан – 2,05 млрд. теңге, ЖБ-дан-3,9 млрд....

РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін  және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингі барысында.   Дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету құралдарының бірі бұрын дәрі-дәрмектің құнына енгізілген қосымша шығыстарды алып тастау болады: маркетинг...

Жетістікке жол: Қала әкімі мектеп оқушыларымен кездесті

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл мен қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ернар Ширбаев Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының оқушыларымен еркін форматта кездесті. Оларға өздерінің  өмірлік тәжірибесі мен жетістіктері туралы әңгімелеп,  бала кездегі армандары, білім алу кезеңі және қызмет жолында кездескен түрлі кедергілерді қалай жеңгені туралы бөлісті. Ернат Дүйсенбекұлы  оқушыларға білімнің маңыздылығын ерекше атап өтіп, еңбекқорлық пен табандылық, өмірге бейімділік...

ІІМ өкілдері шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Ішкі істер министрлігінің өкілдері шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды. "Біздің мыңдаған азаматымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады.  Бірақ ақшаны...

Талдықорғанда волейболдан Қазақстан чемпионатының үшінші туры басталады

Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты үшінші турының ойындары басталады. Атырау мен Павлодарда өткен екі турдан кейін Оралдың «Жайығы» 31 ұпаймен жекедара көш бастап келеді. Осыған дейін қатарынан он рет жеңіске жеткен Виктор Козик шәкірттерін Талдықорғанда кім тоқтата алады? Сейсенбі күні оралдықтар өткен жылғы ел чемпионы «Таразбен» ойнайды. Турнир кестесінде 26 ұпаймен екінші орында тұрған ақтөбеліктер төртінші...

АЭС құрылысы: консорциум құрамы әлі қалыптасқан жоқ

ҚР Энергетика министрлігі қазір АЭС құрылысындағы консорциум аясында 4 елмен келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеді.   — Қазақстанның оңтүстік өңірінде қуаттылығы жоғары бірінші АЭС салу жоспарланған. АЭС құрылысының кейінгі жобалары үшін ықтимал мерзімдер, неғұрлым қолайлы аумақтар, орын және реакторлық технологияларды жеткізушілер бойынша шешім өңірлердің электр энергиясына қажеттіліктерін талдау негізінде, сондай-ақ экологиялық, экономикалық және технологиялық аспектілерді ескере отырып қабылданады. Қазіргі уақытта атом электр...

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы мүмкін

Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылуға болады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ХҚКО» қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды. Одан кейін жүргізуші...