Аслы Осман: «Қазақ халқының мейірім, қайырымын ешуақытта ұмытпаймын»

8

ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Отан сақшысы — Часовой Родины» газетінің Жетісу облысы

бойынша тілшісі подполковник Манарбек Қарекеновке филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, «Парасат орденінің» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Османнан сұхбат берді.

Сұхбат барысында Асылы Әлиқызы мемлекеттік тілге қатысты бірнеше түйіткілді сұрақтарға жауап берді. Қазак тілінің мерейін өсіруге қатысты ойларымен бөлісті.

Қазақ еліне деген өзінің ризашылығын жеткізді:

-Қазақ — бұлттан төмен болғанымен, мен үшін бәрінен жоғары тұрады. Қазақ тумысынан таза, қараңғылықтан ада, қиянаттан шет, жеті атасын жетік білетін, қаны да, жаны да таза ерекше жаратылыстағы халық. Ешкімді бөлмейді, жармайды, жатсынбайды баршаның баласын бауырына басқан, осыншама ұлттың окілін мына байтақ даласына сиғызған қазақтың кендігі -қазақ ұлтының ешкімді бөлмейтіндігі, жармайтындығы ғана. Әйтпесе, біздерді алып келгенде, әй, бұл дос па, тұшпан ба? Қандай адам, қандай жан деген жоқ. Адам баласы ретінде, бәрімізді бауырына басты. Боранда пана, шөлде сая болды. Ендігі кезекте, мен қазақ халқының маған жасаған сол мейірім, қайырымын еш уақытта ұмытпаймын, — деп өз сөзін аяқтады Асылы Осман.

                                     ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз