Бүгінгі таңда аймақты газдандыру деңгейі 56,5% құрайды. 63 елді мекен газдандырылды (оның ішінде 30 елді мекен 2024 жылы газдандырылған), 392,6 мың адам (98,9 мың абонент) газға қол жеткізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында (126 н/п) 2025 жылы тағы 63 елді мекенді газдандыру қажет.
Ағымдағы жылы 45 жобаны іске асыруға бюджеттен 5,9 млрд.теңге (ҰҚ – дан – 2,05 млрд. теңге, ЖБ-дан-3,9 млрд. теңге) бөлінді.
Оның ішінде, өткен жылдан ауысатын 21 жоба (өткен жылы 6,9 млрд.теңге игерілді, 2025 жылға 2,4 млрд. теңге қоса қаржыландыру бөлінді). Барлық нысандар бойынша жұмыстар аяқталу сатысында (Қоғалы ауылын қоспағанда, 80 км жеткізуші БП — дан 25 км немесе 31% салынды).