ЖАУЫНГЕРЛІК ДӘСТҮР – ЖАРҚЫН ҮЛГІ

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы

 

Құрметті Отан қорғаушылар!

Қадірлі жетісулықтар!

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл күн – еліміздің айбынды мерекелерінің бірі. Бүгінде әскери саланың мамандары мен сарбаздар Қазақстан Қарулы күштерінің құрамында Отанға адал қызмет етіп, туған ел мен жерді қорғауға бар күш-жігерін жұмсап келеді.

Азаматтық борышы мен кәсіби міндетін атқаруда олар өскелең ұрпаққа патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетіп, ел тыныштығын қырағылықпен күзетуде. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бұл жауынгерлік дәстүрдің бүгінгі жаңа заманда да маңызы зор.

Қашанда бейбітшілік — береке мен тұрақты дамудың кепілі. Осы орайда тәуелсіз еліміздің орнықты өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген қорғаныс саласының қызметшілері мен  ардагерлеріне, барша жетісулықтарға мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Еліміз бейбітшілікте гүлденіп, көркейе берсін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз