Талдықорғандағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықта жаңа бөлімше ашылды
Жетісу облысында 1,5 жас пен 18 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсететін күндізгі емдеу орталығының мүмкіндігі ұлғайды. Талдықорған қаласында орналасқан орталықта ашылған жаңа бөлімнің арқасында оның сыйымдылығы 110 жатын орынға өсті.
Аумағы шамамен 470 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат заманауи стандарттар мен талаптарға толық сәйкеседі. Онда ем алатын балалар жасына және денсаулық жағдайына қарай екі топқа...
Талдықорғанда 2027 жылға дейін 100 шақырымнан астам жол ретке келтіріледі
Бұл жөнінде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәлім етті. Сала мамандарының сөзінше биылғы жылы қала бойынша 70 шақырымнан аса жол ретке келтірілмек.
Атап айтқанда, «Құлагер», «Бірлік» шағын ауданына, «Жастар 1» және «Солтүстік-Батыс» тұрғын үй алабына 53,9 км болатын жаңа жол құрылысы жүргізілмек. Осылайша жаңа бой түзеп жатқан аудандарда 107 жаңа көше салынады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 21,5 шақырым жол...
Қала әкімі қаламызда салынатын жаңа аудандардың жобасын пысықтады
Қала әкімі Ернат Бәзіл әсем қаламызда бой көтергелі жатқан жаңа шағын аудандардың жобалардың дайындық барысын көру үшін жауапты мердігер ұйымның өкілін қабылдады.
Онда жобаны жасаған «Бақытжан» компаниясы қала әкіміне ірге тасы қаланғалы жатқан Қаратал өзенінің оң жағалауымен қатар, 11,12,13 шағын аудандарында заманауи үлгіде салынатын нысандар бойынша сызбаларымен таныстырып жоба жайында толығырақ баян етті.
Аталмыш аудан 210 гектар болатын аумақта бой түземек....
ХАБАРЛАМА
Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерін
сайлау бойынша конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңының 9-бабының 7-тармағына сәйкес Талдықорған қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөнінде конкурс өткізу туралы хабарлайды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті...
Елімізде букмекерлік кеңселердің жарнамасы бар 1,6 мыңнан астам билборд алынып тасталды
Елімізде букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға қатаң шектеулер енгізілді. Заңнама талаптарының орындалу барысы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.
Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету үшін ведомство облыстық және қалалық әкімдіктермен, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп сыртқы жарнама мен отандық БАҚ-қа тұрақты мониторинг жүргізетінін атап өтті. Осы жұмыстың нәтижесінде 1,6 мыңнан астам...
Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны ұлғайтылды
Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны 12-ге жеткізілмек. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында 7 стационарлық әлеуметтік нүкте, оның ішінде 5-уі әлеуметтік дүкен болса, қазір тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тағы 5 көше сауда нысаны қосылып жатыр. Жетісу өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың екі тетігі бойынша 18 мың тоннадан астам өнім қоры бар. Оның 1485 тоннасы картоп. «Жетісу» ӘКК...
Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды
Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.
Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.
Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие...
Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл
1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Еліміздегі этносаралық келісім мен татулықты сақтау мен нығайту үшін құрылған ұйымның мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілмек. Бұл жөнінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Еркебұлан Ақболатов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Мерейтойлық жылды мерекелеу ағымдағы жылдың 1 наурызында, яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні және Алғыс айту күнімен...
Жанармай нарығын ырықтандыру: контрабандаға тосқауыл
Қазақстанда жанармай бағасының өсуі контрабанданы азайтып, ішкі нарық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Баға айырмашылығы төмендегенде, көрші елдерге заңсыз экспорт мағынасын жоғалтады.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «TazaQazBot» телеграм-чат-ботын әзірлеп, пайдалануға берді
Платформа азаматтарға Республика қалаларындағы экологиялық ахуал мен өмір сапасын жақсартуға белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Өтініш беру алгоритмі үш рет басу арқылы жүзеге асырылады: проблемалық орынды суретке түсіру, орынды көрсету және мәселенің сипаттамасы.
Өтінім жергілікті атқарушы органның операторына келіп түседі, ол оны жіктейді және орындаушыны тағайындайды.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу және жауапты орындаушыларды анықтау үшін барлық мәселелер 21 санатқа бөлінеді (саябақтар мен аллеяларды жинау,...





























