Алматы облысында алғашқы донорлық операция жасалды
2025 жылдың қаңтар айында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында Алматы облысында алғашқы донорлық операция сәтті жасалды. Клиника мамандары бас миының өлімі диагнозы анықталған 46 жасар ер азаматқа донорлық процесс ұйымдастырды. Бұл процесс донордың туыстарынан органдарды алуға келісім алғаннан кейін жүзеге асырылды. Операция кезінде екі бүйрек, жүрек, өкпе және екі көздің қабығы алынды. Бұл операция Қазақстан трансплантология саласындағы маңызды оқиға болды....
Дуальды білім беру мен бизнестің жаңа мүмкіндіктері
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл шешім білім беру жүйесін дамыту мен кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл бастаманы жүзеге асырудағы негізгі қадамдардың бірі — бизнес пен колледждер арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту, әсіресе дуальды білім беру картасы аясында. Бұл бағытта Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы да белсенді түрде өз үлесін қосып жатқанын атап өту...
Балалар құқығын қорғау
Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Шарипбаева Шынар Жүсіпқызы 2024 жылдың қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қабылданған үш негізгі заңға қатысты атқарылған жұмыстар жайында баян етті.
Сонымен қатар, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының рөлін күшейту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша сондай-ақ, жекеменшік мектептерде оқитын барлық балаларға арналған білім беру бағдарламасы аясында әлеуметтік көмек жайында және...
Негізгі миссия — Заң және тәртіп
Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы қаралды.
Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңға бағынатын бизнесті заңсыз тексерулерден арашалау, маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, заңсыз активтерді қайтару, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау...
Көпбалалы аналар баспаналы болды
Талдықорғандық 19 көпбалалы отбасы «Береке» коттеджді қалашығынан баспаналы болды. Қала әкімі Ернат Бәзіл әрбір қуаныш иесіне пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті. Айтулы шарада сөз алған Ернат Дүйсенбекұлы қоныс иелерін құттықтап, өңірде халықты тұрғын үймен қамту ісі жылдан жылға қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Дәл осы аймақта өткен жылдың желтоқсан айының соңында 25, ал, жыл басында 30 баспана...
Ұлттық жоба аясында 27 зауыт салынады
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасына қай өндірістің өнімдері пайдаланылатынын айтты.
Вице-премьердің сөзінше, Энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба екі негізгі блоктан тұрады. Біріншісі — алдағы бес жыл ішінде 7 300 мегаватқа жуық қамтамасыз етіп, генерациялау. Оған 6 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Біз осы уақытқа дейін 6,4 трлн теңгені таргеттеп жатырмыз.
Жобаның екінші бөлігі — коммуналдық желілерді жаңғырту....
Талдықорған қаласы жалпы транзиттік торапта орналасқан
Бәрімізге мәлім, Талдықорған қаласы жалпы транзиттік торапта орналасқан. Талдықорған қаласы арқылы әртүрлі туристік жерлерге туристер барады.
Сондай-ақ, мысалы, Алакөлге, Балқашқа, Панфилов ауданындағы біраз туристік нысандарға «Қапал-Арасан» шипажайы, Тамшыбұлақ сияқты әр түрлі жерлерге баруға болады.
Осы туристердің жайлы орналасуы үшін біздің Талдықорғанда 31 Қонақ үй мен Хостелдер бар. Ол жерде 631 орын белгіленген. Өткен жылы, осы қызмет түрінен Талдықорған қаласының бюджетіне 714...
Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылады. Ел тұрғындарының үштен бір бөлігін балалар құрайды. Атап айтқанда, Қазақстанда 6,8 млн. бала бар.
«Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс», - Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті
Қабылданған үш заңдағы маңызды бастама – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге бейімделуі үшін тәлімгерлер институтының құрылуы....





























